Өнеркәсіп.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 249 506,9 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ –136,8%.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (83,7%), 2026 жылғы қаңтар-наурыз 208 937,9 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 139,8%.

2026 жылғы қаңтар-наурыз тамақ өнімдерінің өндірісі 96 587,1 млн. теңгені, НКИ - 110,0% -ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 41,4% алып жатқан машина жасау саласында 86 517,4 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ – 169,6%.
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісінде 6 411,1 млн. теңгенің өнімі, НКИ - 229,8% өндірілді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2026 жылғы қаңтар-наурызда көлемі 34 734,9 млн.теңгені құрады, НКИ – 118,1%.
«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтар-наурызда өндіріс көлемі 4 005,6 млн. теңгені құрады, НКИ – 134,5%.
ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) шамамен 3,3 мың жұмыс орнын құра отырып, 399,3 млрд. теңге сомасына 29 жобаны іске асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-наурыз аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 42 100,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2025 жылғы қаңтар-наурыздың деңгейіне 103,8%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 17,6 мың тоннаны немесе 2026 жылғы қаңтар-наурыздың деңгейіне 99,3% құрады.
Сүт – 65,0 мың тонна (109,1%);
Жұмыртқа –147,5 млн. дана (104,8%).
2026 ж. 01.04. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
ІҚМ – 345,5 мың бас (102,7%);
о.і. сиыр – 157,1 мың бас (101,6%);
қой және ешкі - 391,8 мың бас (102,3%);
жылқы – 150,0 мың бас (106,5%);
шошқа – 163,8 мың бас (119%);
құс – 3 430,4 мың бас (96,0%).
Кәсіпкерлік.
2026 жылғы 1 сәуірдегі облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 33,8 мың бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есептемегенде) 2026 жылғы қаңтар-ақпанда 141,6 млн, АҚШ долларын құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 44,8% артық, оның ішінде тауарлар экспорты – 115,0 млн, АҚШ доллары (86,4%-ға өсу), импорт – 26,6 млн, АҚШ доллары (26,3%-ға төмендеу).
Экспорт бойынша негізгі әріптестер Қытай (экспорттың барлық көлемінің 0,2%), Өзбекстан (0,2%), Ауғанстан (0,1%), Иран, Ислам Республикасы (0,1%), Тәжікстан (0,1%) болып табылады.
Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары» - экспорттың барлық көлемінің 94,7% немесе 108,9 млн, АҚШ доллары (2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,1% -ға өсу).
Импорттық өнімді жетекші жеткізушілер, Қытай (импорттың барлық көлемінің 0,4%), Германия (0,3%) болып табылады.
Импорттық жеткізілімдер құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» (импорттың барлық көлемінің 64,3% немесе 17,1 млн, АҚШ доллары), «Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (11,5% немесе 3,0 млн, АҚШ доллары), «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» (10,1% немесе 2,7 млн, АҚШ доллары), «Дайын мал және өсімдік тектес өнімдер азық-түлік тауарлары» (7,2% немесе 1,9 млн АҚШ доллары), «Сүрек, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары» (0,9% немесе 0,2 млн, АҚШ доллары), «Минералдық өнімдер» (1,0% немесе 0,2 млн, АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 2026 жылғы қаңтар-ақпанда 147,3 млн, АҚШ долларын құрады, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 75,8% аз, оның ішінде тауарлар экспорты – 8,6 млн, АҚШ доллары (14,9%-ға төмендеу), импорт – 138,7 млн, АҚШ доллары (88,2%-ға өсу).
Негізгі капиталға инвестициялар.
2026 жылғы қаңтар-наурыз айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 78 306,1 млн. теңгені немесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге 95,6% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 62,1%), мемлекеттік бюджеттен (17,2%), кредиттері (5,5%) және басқа қарыздық қаражат (15,2%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (40,5%), өнеркәсіп (26,9%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (14,2%), көлік және қоймалау (8,2%).
Тұрғын үй құрылысы. 2026 жылғы қаңтар-наурыз облыс аумағында жалпы ауданы 31 340 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге 102,5% құрайды.
Сумен жабдықтау. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылы:
- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 2,9 млрд.теңге (МБ – 2,9 млн.теңге).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 4 131,6 млн. теңге.
Су тарату желілерін қалпына келтіру (ағымдағы нысандардың жөндеуі) 867,8 млн.теңге бөлінді.
Әлеуметтік қорғау. 2026 жылғы қантар-наурызда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4864 адамды құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,8% құрады, бұл 2025 жылғы сәйкес деңгейде.
2026 жылғы 1 сәуірде 3104 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіліп, 1441 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылды.
2025 жылғы 1 сәуірге 446 азаматқа 67,9 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау» саласы бойынша түзетілген жылдық жоспар 2026 жылғы 1 сәуір арналған жоспарда 12 млрд. 337,9 млн. теңгені құрады, 1 млрд. 624,6 млн. теңге игерілді немесе 100 % оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге арналған жылдық жоспар 1 млрд. 419,9 млн. теңгені (ЖБ – 1 млрд. 419,9 млн.теңге), есепті кезеңге арналған жоспар 192,4 млн. теңгені (ЖБ – 192,4 млн. теңге) құрады, 192,4 млн. теңге игерілді (ЖБ –192,4 млн. теңге);
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған жылдық жоспар – 3 млрд. 300,6 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 396,8 млн. теңге, РБ – 1 млрд. 903,8 млн. теңге) есепті кезеңге арналған жоспар 242,6 млн. теңгені құрады (ЖБ), 242,6 млн. теңге игерілді (ЖБ);
- денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2026 жылға барлығы 1 млрд. 658,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
«СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қайта қолдану)» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1547,5 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 432,8 млн. теңгеден игерілу 432,8 млн.теңгені немесе 100%-ды құрады;
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Қызылжар аудандық ауруханасы үшін ас блогын салу –100,0 млн. теңге;
«СҚО Петропавл қаласы Тауфик Мұхамед-Рахимов атындағы көшесі мекенжайында сот-медициналық мәйітханасын салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 10,7 млн.теңге.
Білім. «Білім» саласына 2026 жылға 162 698,2 млн. теңге қарастырылды.
2026ж.01.04 жоспардағы 37 506,9 млн. теңгеден игерілу 37 499,8 млн. теңгені немесе 100,0%-ды құрады.
Барлығы 2026 жылға білім беру объектілерін дамытуға 445,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 445,0 млн. теңге.
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жамбыл ауылы мекенжайындағы Жамбыл мектебіне спорт залын салу – 104,0 млн. теңге.
- Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Ш. Уәлиханов – Чкалов мекенжайында 280 орындық балабақша салу. Түзету - 341 млн. теңге.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 3 707,4 млн. теңге бөлінді.
Есепті кезең жоспарындағы 646,0 млн. теңгеден 646,0 млн. теңге немесе 100,0% игерілді
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
2024-2025 жж. |
2025-2026 жж. |
|
|
Мектептер саны |
444 |
439 |
96,9% |

