Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінің 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы жыл сайынғы есебі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметімен 2025 жылы 10 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде мемлекеттік аудиттің 8 объектісінде тиімділік аудиті және 2 объектісінде сәйкестік аудиті өткізілді.

Есепті кезеңде тиімділік аудитін және бюджет заңнамасының нормаларына, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкестік аудитін жүргізу кезінде аудитпен қамтылған қаражат көлемі 3,0 млрд теңгені құрады. Жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінің 48,2 %-ы мөлшерінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 42,6 млн теңге (өтелуге жатады – 42,6 млн теңге), рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 1389,9 млн теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар – 491,2 млн теңге (оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткендері – 7,3 млн теңге).

Есепті кезеңде барлығы 10,9 млн теңге немесе бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге жататын қаражат сомасының 25,6 %-ы қалпына келтіріліп, өтелді (өтелмеген қалдық сома – 31,7 млн теңге, оның ішінде: «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ аудит объектісі бойынша 23,8 млн теңге сомасына қатысты материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелермен бірге құқық қорғау органдарына берілді; «СҚО Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ аудит объектісі бойынша 0,4 млн теңге сомасына қатысты өндіріп алу бойынша сот процестері жүргізілуде; «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Аю-тас» сауықтыру лагері» МКҚК аудит объектісі бойынша 7,5 млн теңге сомасына қатысты материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелермен бірге құқық қорғау органдарына беріліп, сомаларды өндіріп алу бойынша сот процестері жүргізілуде.

Ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша:

  • мемлекеттік аудит объектілеріне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 10 өкімі және бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу жөнінде 88 ұсыным жолданды, оның ішінде 84 ұсыным орындалды;

  • негізсіз аударылған бюджет қаражаты фактісі бойынша «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ аудит объектісіне қатысты материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелермен бірге Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының прокуратурасына жолданды;

  • «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Аю-тас» сауықтыру лагері» МКҚК қызметкерлеріне артық төленген жалақы фактісі бойынша материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелермен бірге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды;

  • әкімшілік жауапкершілікке 13 лауазымды тұлға тартылып, оларға қатысты жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 32 әкімшілік жаза қолдану туралы хаттама жасалды (100 % төленді);

  • тәртіптік жауапкершілікке 20 лауазымды тұлға тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысы
әкімі аппаратының
Ішкі аудит қызметінің басшысы –
мемлекеттік аудитор М.Қ. Исмагомбетов

Дата публикации
15 мая 2026
Дата обновления
15 мая 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы