Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы 30 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның отырысы өттi

2020 жылғы 30 қыркүйекте әкiмнiң орынбасары, КТIҚҚ жөнiндегi облыстық комиссияның төрағасы Ғ.С. Нығыметовтың төрағалығымен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның отырысы өттi. Отырысқа облыстық комиссия мүшелерi, психикалық денсаулық орталығының, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, аудан әкiмдiктерi жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың төрағалары мен мүшелерi бейнеконференцбайланыс режимiнде қатысты.

Отырысқа барлығы 130 адам қатысты.

Отырыста: «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтiк мiнез-құлықтың алдын алу және ескерту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» (Психикалық денсаулық орталығы «ШЖҚ КМК»); «Ерте жүктiлiктiң алдын алу және кәмелетке толмағандарды жыныстық тәрбиелеу туралы» (Денсаулық сақтау басқармасы); «Бiлiм беру мекемелерiнде жалпыға мiндеттi оқу қорын қалыптастыру және балалардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастыру» (Бiлiм басқармасы); «Тиiстi мектептерi жоқ елдi мекендерден балаларды тегiн тасымалдауды ұйымдастыру туралы» (Бiлiм басқармасы); «Жастар жаппай жиналатын орындарды, ойын-сауық мекемелерiн кәмелетке толмағандарды есiрткi пайдалануға және өткiзуге, жезөкшелiкпен айналысуға, өзге де заңсыз әрекеттер жасауға тарту, олардың түнгi уақытта көңiл көтеру орындарында болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдiк және темекi өнiмдерiн сату фактiлерiн анықтау мақсатында тексеру жөнiндегi рейдттiк iс-шаралар жүргiзу туралы» (Айыртау және Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандары әкiмдiктерi жанындағы комиссиялардың төрағалары.); «Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы (балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездiк)» (СҚО полиция департаментi, Аққайың, Есiл аудандары әкiмдiктерi жанындағы комиссиялардың төрағалары); «Iшкi iстер органдарында есепте тұрған балаларды медициналық-әлеуметтiк есепке алуды жүргiзудi ұйымдастыру туралы» (Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар, Денсаулық сақтау басқармасы, Бiлiм басқармасы, СҚО ПД жергiлiктi полиция қызметi басқармасы) мәселелер қаралды.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алуда жергiлiктi атқарушы органдар қабылдап жатқан өзектi мәселелер, шаралар талқыланды.

КТIҚҚ отырысының қорытындысы бойынша, Төраға бiрқатар тапсырмалар мен ұсынымдар бердi.

Дата публикации
09 октября 2020
Дата обновления
09 октября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы