Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп.

2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 66 355,8 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ –107,7%.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (79,6%), 2026 жылғы қаңтар 52 823,0 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 106,6%.

2026 жылғы қаңтарда тамақ өнімдерінің өндірісі 28 408,1 млн. теңгені, НКИ - 108,5% -ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 33% алып жатқан машина жасау саласында 17 461,6 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ – 100,9%.

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісінде 1 439,8 млн. теңгенің өнімі, НКИ - 215,8% өндірілді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2025 жылғы қаңтарда көлемі 11 767,9 млн.теңгені құрады, НКИ – 117,7%.

«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтарда өндіріс көлемі
1 283,4 млн. теңгені құрады, НКИ – 103,6%.

ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) шамамен 3,1 мың жұмыс орнын құра отырып, 388,8 млрд. теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарланған.  

Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 15 766,0 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2025 жылғы қаңтар айының деңгейіне 105,8%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 7,7 мың тоннаны немесе 2025 жылғы қаңтардың деңгейіне 102,1% құрады.

Сүт – 19,9 мың тонна (111,5%);

Жұмыртқа –51,9 млн. дана (109,7%).

2026 ж. 01.02. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ – 296,3  мың бас  (102,6%);

о.і. сиыр – 148,4 мың бас (102,3%);

қой  - 391,3 мың бас (103,3%);

ешкі – 7,7 мың бас (90,2%);  

жылқы – 152,4 мың бас (106,3%);

шошқа – 151,5 мың бас (115,2%);

құс – 3 575,3 мың бас (98,4%).

Кәсіпкерлік.

2026 жылғы 1 ақпандағы облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 35,2 мың бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есептемегенде) 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 831,6 млн, АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 51,7% артық, оның ішінде тауарлар экспорты - 497,8 млн, АҚШ доллары (өсім 68,2%), импорт - 333,8 млн, АҚШ доллары (өсім 32,4%).

Экспорт бойынша негізгі әріптестер Қытай (экспорттың барлық көлемінің 26,2%), Өзбекстан (15,6%), Ауғанстан (12,5%), Иран, Ислам Республикасы (9,1%), Тәжікстан (8,1%) болып табылады.

Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары» - экспорттың барлық көлемінің 94,3% немесе 469,4 млн, АҚШ доллары (2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 77,5% -ға өсу).

Импорттық өнімді жетекші жеткізушілер Германия (импорттың барлық көлемінің 39,1%), Қытай (22,7%), Венгрия (6,5%), Түркия (3,8%), Польша (2,8%) болып табылады.

Импорттық жеткізілімдер құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» (импорттың барлық көлемінің 77,9% немесе 259,9 млн, АҚШ доллары), «Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (8,2% немесе 24,7 млн, АҚШ доллары), «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» (4,9% немесе 16,5 млн, АҚШ доллары), «Дайын мал және өсімдік тектес өнімдер азық-түлік тауарлары» (4,3% немесе 14,4 млн АҚШ доллары), «Сүрек, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары» (0,9% немесе 2,9 млн, АҚШ доллары), «Минералдық өнімдер» (0,9% немесе 3,0 млн, АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 657,2 млн, АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,4% аз, оның ішінде тауарлар экспорты - 67,9 млн, АҚШ доллары (40,0%-ға төмендеу), импорт - 589,3 млн, АҚШ доллары (3,7%-ға төмендеу).

Негізгі капиталға инвестициялар.

2026 жылғы қаңтар айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 13 827,5 млн. теңгені немесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге 69,9% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 78,1%), мемлекеттік бюджеттен (8,3%) және басқа қарыздық қаражат (13,6%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (58,8%), өнеркәсіп (22,4%),  жылжымайтын мүлікпен операциялар (9,9%), көлік және қоймалау (4,7%).

Тұрғын үй құрылысы. 2026 жылғы қаңтар облыс аумағында жалпы ауданы 3 177ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге    123,0% құрайды.

Сумен жабдықтау. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылы:

- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 2,9 млрд.теңге (МБ – 2,9 млн.теңге).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 4 131,6 млн. теңге.

Су тарату желілерін қалпына келтіру (ағымдағы нысандардың жөндеуі) 867,8 млн.теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау. 2026 жылғы қантарда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 3653 адамды құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,3%-ға төмен. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,4% құрады, бұл 2025 жылғы сәйкес деңгейде.

2026 жылғы 1 ақпанға 19788 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіліп, 338 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылды.

2026 жылғы 1 ақпанға  1740 азаматқа  30,4 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

«Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 12 млрд. 033,3 млн. теңге құрады, 2026 жылғы 1 ақпанға жоспарындағы, оның ішінде:

- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге  жылдық жоспар – 982 млн. 419,0 теңге (ЖБ – 982 млн. 419,0 теңге).

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар –  млрд. 147,8 млн. теңге (ЖБ – 914,0 млн. теңге, РБ - 1 млрд. 903,8 млн. тенге).

- денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2026 жылға барлығы 1 658,2 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражатынан 1 658,2 млн. теңге сомаға, оның ішінде:

«СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын  емхана салу (қайта қолдану)» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1 547,5 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Қызылжар аудандық ауруханасы үшін ас блогын салу –100,0 млн. теңге.

«СҚО  Петропавл қаласы Тауфик Мұхамед-Рахимов атындағы көшесі  мекенжайында  сот-медициналық мәйітхана салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 10,7 млн.теңге.

Білім. «Білім» саласына 2026 жылға 161 536,8 млн. теңге қарастырылды.

2026ж.01.02 жоспардағы 10 751,6 млн. теңгеден игерілу 10 739,5 млн. теңгені немесе 99,9%-ды  құрады.

Барлығы 2026 жылға білім беру объектілерін дамытуға  100,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 100,0 млн. теңге.

- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жамбыл ауылы мекенжайындағы Жамбыл мектебіне спорт залын салу – 100,0 млн.  теңге. 

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына  3 278,2 млн. теңге бөлінді. 

Солтүстік Қазақстан облысы

2024-2025 жж.

2025-2026 жж.

 

Мектептер саны

444

439

96,9%

 

Қосымша

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2024 жыл

2025

қантар-желтоксан жыл

Қаңтар

2026 ж. 2025 ж. %

2025 жыл

2026 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

74,3

82,1

7,5

7,7

102,1

Сүт

мың тонна

370,7

382,7

17,8

19,9

111,5

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

602,7

630,1

47,3

51,9

109,7

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2026 жылғы қаңтар айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2025 жылғы қаңтар айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Дата публикации
20 марта 2026
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы