Меню

Страницы

Статья

Облыс әкiмдiгiнiң 2019 жыл iшiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiш жасауы бойынша немесе өтiнiш жасауынсыз жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Қазақстанның заңнамасында «Көрсетiлетiн қызметтер» бабы бұрынна болғанына қарамастан, тек соңғы жылдары ғана мемлекеттiк органдар өз қызметiн халыққа және бизнеске көрсетiлетiн қызметтi ұсыну ретiнде қарастыра бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер алуға қол жетiмдiлiктiң бiрнеше арнасы бар, олар: Мемлекеттiк органдар — көрсетiлетiн қызметтi берушiлер; халыққа қызмет көрсету орталығы; электрондық үкiмет порталы.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне сәйкес 2018 жылы 200 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсеттi.

Оның iшiнде:

  • 103 қызмет қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейiнде;
  • 129 қызмет облыс басқармалары деңгейiнде;
  • 80 қызмет мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiледi;
  • 135 қызмет электрондық үкiмет порталы мен электрондық лицензиялау порталы арқылы көрсетiледi.

2018 жыл iшiндегi iшкi бақылау қорытындысына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар 3,2 млн. астам қызмет көрсеттi. Бұл ретте көрсетiлген қызметтiң 70%-ға жуығы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және бiлiм саласына тиесiлi.

Халықтың мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша ақпараттандыру үшiн барлық мемлекеттiк мекемелерде көрнекi ақпараты бар стендтер (стандарттер, өтiнiш үлгiлерi, мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауаптылардың аты-жөнi) орналастырылды. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» тарауы жұмыс iстейдi, онда электрондық форматта көрсетiлетiн қызметтердi алу ыңғайлы болуы үшiн «электрондық үкiмет» және «электрондық лицензиялау» порталына көшуге сiлтеме орналастырылған.

Осылайша, «электрондық үкiмет» порталына қызығушылықты арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар белсендi қызмет жүргiзiп отыр. 2018 жыл соңына дейiн 50 мыңнан астам мектеп және колледж оқушыларын оқыту жоспарланып отыр. Оқытумен барлығы 27 мыңнан астам адам қамтылды. Ауылдық округтерде ауыл тұрғындарына электрондық қызметтi алуға қол жетiмдi болуы үшiн «Connection Point» өзiн-өзi қамтамасыз ету алаңдары орналастырылады.

Жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдау және өңдеу үшiн қолайлы алаң құру мақсатында

Петропавл қаласының әкiмдiгi «Ашық әкiмдiк» жобасын iске асырды, оған әкiмдiк ғимаратында ресепшон, азаматтар өтiнiштерi секторы, өзiне-өзi қызмет көрсету секторы, сондай-ақ консультативтiк сипаттағы қызметтер бар халық үшiн қолайлы халыққа қызмет көрсету алаңы орналастырылды.

Жыл сайын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация барынша сұранымға ие бола бастады. Осылайша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi «бiр терезе» қағидаты бойынша алу қолжетiмдi болуы үшiн облыста жергiлiктi атқарушы органдардың 100астам қызметiн көрсететiн осындай 17 ұйым жұмыс iстейд

Сондай-ақ, шалғайдағы елдi мекендердiң халқын қамту үшiн 2019 жылы халыққа қызмет көрсетудiң мобильдi орталықтарын iске қосу жұмысы атқарылды, олар 650-ден астам елдi мекенге қызмет көрсетедi.

Жыл қорытындысы бойынша өңiрдiң ХҚКО департаменттерiмен 88 800 мемлекеттiк қызметтi мемлекеттiк органдар Мемлекеттiк корпорация арқылы «бiр терезе» қағидаты бойынша көрсетедi.

Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту саласындағы мемлекеттiк саясат едәуiр дәрежеде электрондық үкiметтi дамытуға, мемлекеттiк органдардың iшкi бизнес-үдерiстерiн автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен азаматтардың өзара iс-қимылының әлдеқайда тиiмдi нысаны ретiнде электрондық мемлекеттiк қызмет жүйесiн дамытуға бағытталған.

Электронды мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде оң серпiн байқалады. Мысалы, 2018 жылы 2017 жылғыға қарағанда (650 мыңнан астам қызмет) 2 есе артық (1,3 млн астам қызмет) электрондық қызмет көрсетiлдi.

Азаматтардың қызмет алу бойынша құқығын кепiлдендiру үшiн мемлекет тарапынан мемлекеттiк органдар үшiн олардың құзыретiне кiретiн әрбiр мемлекеттiк қызмет бойынша стандарттар мен регламенттер қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде стандарт талаптарын басшылыққа алу қажеттiгi белгiлендi. 

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау қағидасына және бекiтiлген бақылау iс-шараларының жоспарына сәйкес тексеру iс-шараларымен 168-тан астам бақылау объектiсi қамтылды, iс-шара барысында мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiнiң бұзылуы, бекiтiлген мемлекеттiк қызмет көрсету стандартында қарастырылған құжат пакетi толық болмаған жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету фактiсi сияқты аталған саладағы заңнама нормасының бұзушылығы және өзге де бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында азаматтық хал актiлерiн тiркеу, бiлiм, денсаулық сақтау салаларында және т.б. коллизиялардың бар екенi анықталды. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге жұмылдырылған ақпараттық жүйелердегi кемшiлiктер анықталды. Өткiзiлген iс-шаралар қорытындысы бойынша аталған саладағы анықталған бұзушылықтарды жою және жұмысты жақсарту жөнiндегi 521 ұсыныс әзiрлендi, бұл ретте 47 қызметкерге қатысты тәртiптiк сипаттағы шаралар қабылданды.

2017 жыл iшiнде мемлекеттiк органдар барлығы 1722-ден астам түсiндiру iс-шарасын өткiздi: мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi, азаматтар жиыны, семинар-кеңестер, «дөңгелек үстел» отырыстары, брифингтер, бiлiм, денсаулық сақтау басқармасы басшыларының халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесi бойынша есеп беру кездесулерi. Халық пен бизнес арасында өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы электрондық қызметтi танымалдандыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу мақсатында «электрондық үкiмет» порталынан электрондық мемлекеттiк қызмет алуды түсiндiру жөнiнде, «Е-әкiмдiк», «Е-лицензиялау», «Электрондық үкiмет», ЭЦҚ жобалары бойынша полиграфиялық материалдар (буклет, постер), роликтер қолданылады. Аталмыш роликтер (аудио- видео материал) қалалық, аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында, жергiлiктi телеарналарда орналастырылған. Сонымен қатар, жыл бойы «Ашық есiк күнi» акциясы өткiзiлдi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың пiкiрiн бiлу үшiн Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқрорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң тапсырысы бойынша Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша қоғамдық мониторинг өткiзiлдi. Оның нәтижесi бойынша әкiмдiкке 1 орын берiлдi.

Сондай-ақ, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығының базасында мемлекеттiк қызметтi сапалы көрсету, электрондық үкiмет және электрондық қызмет жөнiндегi дәрiстер ұдайы негiзде өткiзiледi. Аталмыш тақырыптар дәрiстердiң мiндеттi курсына кiредi. Сонымен қатар, Орталықта «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы» тақырыбына оқыту семинарлары өткiзiледi. Қазан айында облыс әкiмдiгi Орталықпен бiрлесiп, ауданға көшпелi семинар ұйымдастырды, аталған iс-шара оң пiкiрге ие болды, бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Мемлекеттiк қызметтiң сапалы және уақытында көрсетiлуiн одан әрi арттыру мәселесi ұдайы бақылауда, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн бұзуға жол бермеу жөнiндегi шаралар қабылданып жатыр. Тиiмдiлiктi одан әрi арттыру мақсатында мыналар жалғастырылатын болады: аталмыш мәселе бойынша мемлекеттiк органдар жұмысының жай-күйiн тоқсан сайын талдау, оқыту семинарлары, дәрiстер, практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiктерiне бару.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2019 жылдың жергiлiктiк атқарцшы органдары шағымдар түскен жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органдарының 2019 жылғы қызметi туралы есептерiнiң жария талқылауларын жүргiзу нәтижелерi жөнiнде қорытынды

Дата публикации
14 августа 2020
Дата обновления
14 августа 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы