Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 146-ө өкімімен бекітілген 2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Абылай хан резиденциясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2024 жылғы 01 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғандағы кезеңге тиімділік аудитін жүргізді.
Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тиімділігі және Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің оларды жүзеге асыру үшін қабылданған актілерін сақтау мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Кәсіпорынның қаржылық және шаруашылық операцияларын орындау кезінде азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу; іссапар шығындары бойынша артық төлем жасау; жалақы бойынша артық төлем жасау; уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша артық төлем жасау; Кәсіпорын қызметкерлеріне сынақ мерзімі кезінде негізсіз сыйақы төлеу; №434 Заңды бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын бұзушылықтар анықталды. Кәсіпорынның мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жол берген бұзушылығы, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілген өзгерістер уақытылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылмаған, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Анықталған бұзушылықтардың себептері қолданыстағы бюджеттік және өзге де заңнаманы жеткілікті білмеу, аудит объектісінің лауазымды адамдары тарапынан бюджет қаражатының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмсалуын бақылаудың жеткіліксіздігі, сондай-ақ уәкілетті органның (бағдарлама әкімшісінің) - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ тарапынан тиісті бақылаудың болмауы болып табылады.
Анықталған бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша жұмысшылармен тұрақты түрде техникалық оқыту өткізу қажет. Жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу, Кәсіпорын қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын қатаң сақтау, аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аудару, оларды уақытылы жою және осындай бұзушылықтардың қайталануын болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдау қажет.