Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының 2025.31.12 № 1.19-05/141 қызметтік жазбасы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжар ауданы «Жеткіншектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2025 жылғы 01 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең ішіндегі сәйкестік аудиті өткізілді.
Өткізілген мемлекеттік аудит барысында аудит өткізу кезеңінде негізгі қаражат пен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу кезінде активтердің жетіспеушілігі анықталғаны белгілі болды.
Аудит нәтижесі бойынша Мекеме өз қызметін жарғыға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратыны туралы қорытынды жасауға болады. Өткізілген мемлекеттік аудит барысында мемлекеттік мүліктің сақталуы дұрыс бақыланбайтыны (негізгі қаражат пен тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды) және бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылатыны анықталды.