Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 175-ө өкімімен бекітілген 2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2022 жылғы 01 қаңтардан 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін қоса алғандағы кезеңге тиімділік аудитін жүргізді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің актілерін сақтауды және мемлекеттік кәсіпорынның қызметінің тиімділігін тексеру бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Кәсіпорын қаржы және шапруашылық операциялар жасау кезінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылыққа жол берген; іссапар шығындары бойынша артық төлем; алынбаған тәртіптік жаза болған кезде Кәсіпорын қызметкерлеріне ЖБШЫК сомасын төлеу бөлігінде жалақы бойынша артық төлем; жұмыс өтілін есептеу кезінде қате есептеу жүргізілген, нәтижесінде жалақы бойынша артық төлем жасалған; № 434 Заңды бұза отырып, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған.
Анықталған бұзушылықтардың себептері қолданыстағы бюджет және басқа да заңнамаларды жеткіліксіз білу, аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тарапынан бюджет қаражатын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмсауды жеткіліксіз бақылау, сондай-ақ уәкілетті орган (бағдарламалар әкімшісі) – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Денсаулық сақтау басқармасы» КММ тарапынан тиісті бақылаудың болмауы болып табылады.
Бұзушылықтың болуына жол бермеу мақсатында қызметкерлермен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша техникалық оқытуды тұрақты негізде өткізу қажет. Жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілерді зерттеу, Кәсіпорынның қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларын қатаң сақтау, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша атап өтілген бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аудару, оларды уақытылы жою және ондай бұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет.