|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Аяқтау нысаны |
Ескертпе / орындалуы |
|
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ |
||||||
|
ТҚШ саласы |
||||||
|
1. |
«Абакшино» отбасылық парк-отеліне кіреберіс жолды абаттандыру бойынша Жол картасын әзірлеу қажет |
«Абакшино» отбасылық парк-отеліне кіреберіс жолды абаттандыру бойынша Жол картасын әзірлеу және бекіту |
18.11.2025 ж. |
Қызылжар ауданының әкімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп |
«Абакшино» отбасылық парк-отеліне кіреберіс жолды абаттандыру бойынша Жол картасы Қызылжар ауданының әкімімен 2025 жылғы 7 қарашада әзірленіп, бекітілді |
Орындалды. Жол картасы әзірленіп, бекітілді |
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
2. |
Вағулино ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратына жөндеу жүргізу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуды қамтамасыз ету |
«СК Вағулинское» ЖШС басшысымен ФАП жөндеу жұмыстарын аяқтау және медициналық жабдықтар сатып алу жөнінде келісім бар. Вағулино ауылындағы ФАП ғимаратын Қызылжар аудандық ауруханасының балансына беру рәсімін жүргізу. |
01.03.2026 ж. |
Қызылжар ауданының әкімі, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп |
Аталған ғимарат 2026 жылғы сәуірге дейін иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, рәсім аяқталғаннан кейін Вағулино ауылдық округі әкімі аппараты КММ балансына, кейін Қызылжар аудандық ауруханасының балансына беріледі. Қазіргі уақытта иесіз мүлік деп тану рәсімі жүргізілуде |
Орындалу үстінде
|
|
3. |
Виноградовка ауылында фельдшер жоқ (Кох Н.И.) |
Кадрларды іріктеу жүргізілуде |
01.07.2026 ж. |
Қызылжар ауданының әкімі, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп |
Медициналық оқу орындарына кадрлармен қамтамасыз ету үшін өтінімдер жолданды. Барлық бос орындар Enbek.kz порталында орналастырылған. Медициналық оқу орындарына шығу жұмыстары жүргізілуде |
Орындалу үстінде
|
|
4. |
Виноградовка ауылындағы медициналық пункт ғимаратына жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру (Кох Н.И.) |
«Агрофирма Виноградовка» ЖШС-мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөндеу жүргізу мәселесі пысықталуда |
01.07.2026 ж. |
Қызылжар ауданының әкімі, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп |
Медициналық пункт ғимаратына жөндеу |
Орындалу үстінде
|
|
Жер қатынастары саласы |
||||||
|
5. |
Қызылжар ауданы Кривоозерка ауылындағы Үшінші көше, 12-үй мекенжайында орналасқан Козик Ю.Н.-ға жер учаскесінің берілу заңдылығын қарау (Вишневский А.Г.) |
Козик Ю.Н.-ға жер учаскесінің берілу заңдылығын қарау |
|
Қызылжар ауданының әкімі, Қызылжар ауданы прокуратурасы (келісім бойынша) |
Жер учаскесін беру заңдылығы бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде: Козик Юрий Николаевичке 1999 жылғы 28 қаңтардағы №3189 сатып алу-сату шарты негізінде 0,15 га жер учаскесі бар тұрғын үй тиесілі. Кадастрлық №15-220-002-025, нысаналы мақсаты – тұрғын үй салу және қызмет көрсету. Алғашқы меншік иесі Савченко В.А. 1995 жылғы 3 қазандағы №00007 мемлекеттік акті негізінде иеленген. Сонымен қатар, 2022 жылғы 15 қарашадағы Петерфельд ауылдық округі әкімінің №84 шешімімен Козик Ю.Н.-ға 0,18 га қосымша жер учаскесі (кадастрлық №15-220-002-282) жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген. Жер учаскелерінің шекаралары көршілес жер пайдаланушылармен, оның ішінде Вишневский А.И.-мен келісілген. Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ. |
Орындалды. ҚР қолданыстағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ |
|
Мәдениет саласы |
||||||
|
6. |
Байтерек ауылында Мәдениет үйін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу (Рахимов М.) |
Байтерек ауылында Мәдениет үйінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу |
30.12.2026 ж. |
Қызылжар ауданының әкімі |
Әзірлеуге арналған қаражат 2026 жылдың екінші жартыжылдығында қарастырылады, конкурс рәсімдері мен оң қорытынды алу 30.12.2026 жылға дейін жүргізіледі |
Орындалу үстінде
|
|
Ветеринариялық саласы |
||||||
|
7. |
Қаңғыбас жануарларға арналған панажай салу және күтіп-ұстау бойынша есептер ұсыну (Никишин А.П.) |
Қаңғыбас жануарларға арналған панажай салу және оны ұстау бойынша есептер жүргізу |
08.12.2025 ж. |
Қызылжар ауданының әкімі, ветеринария басқармасымен бірлесіп |
СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасымен бірлесіп қаңғыбас жануарларды ұстау құны бойынша есептер жүргізілді. ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес қаңғыбас иттердің санын реттеу стерилизациялау арқылы жүзеге асырылады. ОСВВ бағдарламасы бойынша 1 иттің құны – 78 420 теңге. 2023 жылы Ольшанка ауылында 20 сотық жер телімі бөлініп, панажай құрылысының ЖСҚ сараптамадан өтті. Құрылыс құны – 249,9 млн теңге |
Орындалды |