|
№ |
Көтерілген сұрақ |
Шешу жолдары |
Шешім мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту/орындау |
|
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ |
||||||
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
1. |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Дүзелбаев қаржы басқармасының басшысы Қ. С. Қалижановпен, Аққайың ауданының әкімі Ж.П. Құсайынмен бірлесіп, облыстық бюджетті кезекті нақтылау кезінде Смирнов ауылында хоккей кортының құрылысын аяқтауға қаржы бөлу мәселесін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығарсын |
Смирново ауылында хоккей кортының құрылысын аяқтауға қаржы бөлу туралы мәселе облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығарылсын. |
Желтоқсан |
СҚО әкімдігінің қаржы басқармасы |
Смирново ауылында хоккей кортының құрылысы аяқталды, нысан ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында пайдалануға берілді. Құрылыс 374,4 млн теңге сомасына бекітілген жоба шеңберінде жүзеге асырылды. |
Орындалды |
|
2. |
Аққайың ауданының әкімі Ж. П. Құсайын: 1) Смирнов ауылы Суворов көшесі, 22 мекенжайындағы әлеуметтік осал санаттарға арналған үй құрылысының сапасын аймақтың барлық климаттық жағдайларын ескере отырып, бақылауға алсын;
2) дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Ә. Рамазановамен бірлесіп, 2025 жылдың соңына дейін қаржы қаражатын бөлуді ескере отырып, Смирнов ауылында хоккей корты құрылысын аяқтап, пайдалануға берсін |
құрылыс сапасы үнемі бақылауда |
Қазан
Желтоқсан
|
Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы |
Смирново ауылы, Суворов көшесі, 22 мекен-жайындағы үйде бұрын анықталған ескертулер жойылды, оның ішінде үш қабатты терезелер орнатылды. Аталған тұрғын үй сатып алынып, тұрғын үй кезекте тұрған азаматтар арасында одан әрі бөлу үшін "Отбасы банк" АҚ-ға берілді.
Смирново ауылында хоккей кортының құрылысы аяқталды, нысан ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында пайдалануға берілді. Құрылыс 374,4 млн теңге сомасына бекітілген жоба шеңберінде жүзеге асырылды. |
Орындалды
Орындалды |
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
||||||
|
3. |
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Д. М. Токужиновке: минералды тыңайтқыштарды сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау мәселесін зерделеуге және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына субсидиялар алу шарттарын қайта қарау бөлігінде хат жобасын дайындасын
|
ҚР АШМ-де хат жобасын дайындау
|
Қыркүейек-қазан
|
СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы |
Басқарма күзгі кезеңде минералды тыңайтқыштарды енгізудің қосымша нормаларын бекіту мүмкіндігін қарау туралы, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау тетігіне тиісті өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына хат жолдады. Қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі минералды тыңайтқыштарды енгізудің ғылыми негізделген нормаларын қайта қарады. Осылайша, Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі дәнді дақылдарға субсидияларды есептеу үшін жер жыртуға аммофос енгізудің шекті нормалары ұлғайтылды. |
Орындалды |
|
4. |
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО директоры К.Н. Бейсеновпен бірлесіп (келісім бойынша) астық көлемін басқа өңірлерге және экспортқа қайта бөлу есебінен элеваторлардың қуатын босатуды жалғастырсын; |
Астық көлемін басқа өңірлерге қайта бөлу және экспортқа жіберу есебінен элеваторлардың қуатын босатуды жалғастыру. |
Қыркүейек-қазан |
СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы |
Аққайың ауданының элеваторларында "Азық-түлік корпорациясы "ҰК" АҚ астығының болуы 2025 жылы 35 000 тоннаны құрады, оның ішінде: "Қиялы элеваторы" ЖШС-9 500 тонна; "Смирновский элеватор" ЖШС - 25 500 тонна. 12 000 тонна астық сатылды. |
Орындалды |
|
Білім беру саласы |
||||||
|
5. |
Білім басқармасының басшысы А. А. Сұрағанова 2026 жылға № 3 Смирнов орта мектебінің қасбетін жөндеуге және аумағын абаттандыруға қаржы қаражатын қарастырсын. |
2026 жылға арналған облыстық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражатты нақтылау және қайта бөлу есебінен №3 Смирново орта мектебінің қасбетін жөндеуге және аумағын абаттандыруға қаржы бөлу көзделсін |
2026ж. 01.09 |
СҚО әкімдігінің білім басқармасы |
2026 жылға № 3 Смирново орта мектебі үшін мектеп ғимаратының аумағын абаттандыру және қасбетін жөндеу жұмыстарын жүргізуге 24 453 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған және бөлінген. |
Орындалу үстінде
|
|
Энергетика саласы |
||||||
|
6. |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Д. Қ. Қуанышбаев «СК РЭК» АҚ Бас директоры А. И. Чекулаевпен бірлесіп (келісім бойынша) тарифтік саясат аясында Аққайың АЭЖ қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізсін және қолда бар бос жұмыс орындарын жабу жөнінде шаралар қабылдасын. |
Тарифтік саясат шеңберінде Аққайың АЭЖ қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізу және қолда бар бос жұмыс орындарын жабу арқылы штатты жасақтау жөнінде шаралар қабылдау
|
|
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ бірлесіп (келісім бойынша) |
«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ СҚО әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасына тариф белгілеу туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен кәсіпорынның проблемалық мәселелері туралы хат жолдады |
Орындалу үстінде
|