|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолы |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Аяқтау нысаны |
Ескертпе/ орындау |
|
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ |
||||||
|
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫ |
||||||
|
1. |
2026 жылға арналған СҚО бойынша қандастар мен қоныс аударушыларды орналастыруға арналған елді мекендер тізіміне Береке ауылын енгізу. |
Береке ауылын тізімге енгізудің орындылығына аналитикалық негіздеме дайындап, одан әрі қоныстандыруды іске асыру. |
31.01.2026ж.
|
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Уәлиханов ауданының әкімдігі
|
Береке ауылы 2026 жылға арналған СҚО бойынша қандастар мен қоныс аударушыларды орналастыруға арналған елді мекендер тізіміне енгізілді. |
Орындалу үстінде |
|
2. |
Кішкенекөл ауылындағы жабық жүзу бассейні мен жаттығу залының құрылысына тартылған жұмысшыларға бұрынғы мердігер жалақы төлемеген. Жалақыны төлеуге көмек көрсетуді сұраймыз. |
Мердігер ұйымнан жалақы бойынша берешектің мөлшері мен кезеңі туралы ақпарат сұрату. Қарызды толық өтеудің нақты мерзімдерін айқындау.
|
01.04.2026ж. |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
|
Жұмысшылар алдындағы жалақы қарызын өтеу.
|
Орындалу үстінде
|
|
Білім беру саласы |
||||||
|
3. |
Аққұдық ауылындағы Аққұдық негізгі мектебінде педагог кадрларының тапшылығы байқалады. Негізгі себеп – ауылда тұрғын үйдің болмауы.
|
Бос лауазымдар тізбесін және педагог қызметкерлерді тұрғын үймен, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін анықтау.
|
31.01.2026ж.
|
Уәлиханов ауданының әкімі
|
Қажетті кадрлық шешімдер қабылданды, педагог кадрларымен толық қамтамасыз етілді. Тұру және жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды жасауға арналған шаралар кешені әзірленді.
|
Орындалу үстінде
|
|
4. |
2026 жылы Қулыкөл ауылында орналасқан Әуезов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру қажет.
|
2026 жылы орындалатын жұмыстардың көлемі мен құнын анықтау. Облыстық бюджетті кезекті нақтылау кезінде нысанды ұсыныстар тізіміне енгізу. Қаржыландыру қажеттілігін есептей отырып, бюджеттік өтінім дайындау.
|
31.01.2026ж.
|
Білім басқармасы
|
2026 жылы Қулыкөл ауылындағы Әуезов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға қаржы бөлу.
|
Орындалу үстінде
|
|
5. |
Тлеусай ауылындағы Озерная орта мектебінің терезелерінде саңылаулар бар, сондай-ақ шатырын жөндеу қажет. Жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыруды сұраймыз.
|
Тлеусай ауылындағы Озерная орта мектебі ғимаратының қазіргі жағдайы бойынша фото және бейнематериалдар дайындап, жөндеуді қажет ететін ақаулар мен кемшіліктерді көрсету.
|
29.12.2025ж.
|
Білім басқармасы
|
Жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
Орындалу үстінде |
|
ТКШ саласы |
||||||
|
6. |
Судың сапасын жақсарту мәселесін қарастыруды сұраймыз.
|
Тлеусай ауылындағы сумен жабдықтау көздеріне бактериологиялық зертханалық зерттеулер жүргізіп, судың сапасын жақсарту мәселесін қарастыру.
|
18.01.2026 ж.
|
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Судың сапасын жақсарту.
|
Орындалу үстінде
|