Облыста 4 мемлекеттік музей және 8 филиал жұмыс істейді:
- Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі, 7 филиалы бар:
- «Ботай» арт-галереясы (Петропавл қ.);
- Есіл ауданының тарихи-өлкетану музейі (Явленка с., Есіл ауданы);
- И.П. Шуховтың үй-музейі (Пресновка с., Жамбыл ауданы)
(музей құрамына С. Мұқановтың үй-музейі, Ғ. Мүсіреповтің үй-музейі кіреді);
- М. Жұмабаев ауданының тарихи-өлкетану музейі (Булаево қ., М. Жұмабаев ауданы);
- М. Жұмабаев музейі (Сарытомар ауылы, М. Жұмабаев ауданы);
- Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану музейі (Сергеевка қ., Шал ақын ауданы);
- Тайынша ауданының музейі (Тайынша қ., Тайынша ауданы).
- Абылай хан резиденциясы, 1 филиалы бар:
- Ислам мәдениеті музейі (Петропавл қ.).
- «Қарасай – Ағынтай» мемориалдық кешені (Айыртау ауданы).
- Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музе (Сырымбет ауылы, Айыртау ауданы).
2025 жылы облыс музейлері 870 іс-шара, 235 көрме, 3784 экскурсия ұйымдастырды. Музейлерге келушілер саны - 380 445 адам.