Театр және музыкалық өнер
Облыста 3 мемлекеттік театр жұмыс істейді. Есепті кезеңде театрлар тарапынан барлығы 322 спектакль көрсетілді, оның ішінде гастрольдер мен көшпелі көрсетілімдерде – 37, стационарда – 285. Балалар аудиториясына арналғаны – 241, ересек көрермендерге – 81. 22 жаңа спектакль сахналанды.
Барлығы 39 725 көрермен қамтылды, оның ішінде стационарда – 36 045, гастрольдерде – 3 680; балалар аудиториясы – 21 605, ересектер – 18 120.
Сәбит Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театры:
Қойылымдар – «Тентек теке», «Жыл басы кім» ертегілері; «Шал мен теңіз», «Смағұл шыңы», «Мөлдір махаббат» спектакльдері.
Көркемдік жетекші – 1, актерлер саны – 37.
Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры:
Қойылымдар – «Телеграмма», «Кто-то должен уйти», «Шоқан. Сыбыр монологы», «Бұл – қыздардың соғысы», «Қызғылт сары кірпі»,
«138-ші театр маусымының жабылуына арналған театрландырылған шоу-бағдарлама».
Көркемдік жетекші – 1, актерлер саны – 32.
Облыстық қуыршақ театры:
Қойылым – «Маша мен аю».
Көркемдік жетекші – 1, актерлер саны – 15.
Ақан сері атындағы облыстық филармония
Солтүстік Қазақстан облысы Ақан сері, Сегіз сері, Үкілі Ыбырай, Кәкімбек Салықов және басқа да көрнекті тұлғаларымен танымал.
Өңірде Ақан сері атындағы облыстық филармония жұмыс істейді. Оның базасында 14 шығармашылық ұжым шоғырланған:
Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі – 32, орыс халық аспаптар оркестрі – 23, эстрадалық және джаз оркестрі – 18, эстрадалық-симфониялық оркестр – 33, «Әдемі-ау» би ансамблі – 19, «Мәңгілік» би ансамблі – 31, «Туған жер» би ансамблі – 24, «Қызыл жар» халық музыкасы ансамблі – 9, «Әлқисса» фольклорлық ансамблі – 14, «Asia sound» вокалды-аспаптық ансамблі – 5, «Sardar» вокалдық тобы – 3, «Miami» вокалдық тобы – 2, «Belcanto» скрипкалық квартеті – 4, камералық хор – 32, вокалист-солистер – 25.
274 шығармашылық қызметкерден тұратын филармония ұжымы ел өңірлері арасындағы ең ірілердің бірі болып табылады.
Облыста «Дәстүрлі ән өнері» – қазақтың дәстүрлі әншілік өнері бағыты кеңінен дамып, жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Креативті индустрияны дамыту
2024 жылы Петропавл қаласында «Qyzyljar creative center» креативті индустрия орталығы ашылды.
Жоба Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басты серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта шығармашылық орталықтың резиденттері қатарына 67 адам қабылданды.
Облыс әкімдігі Саха Республикасы (Якутия), Татарстан Республикасы, Алматы Менеджмент Университетімен креативті индустрияларды дамыту, кадрларды даярлау және оқыту бағытында гранттық негізде табысты ынтымақтастық орнатуда.
Саха Республикасы (Якутия) Якутск қаласындағы Арктикалық мемлекеттік мәдениет және өнер институтында креативті индустрия саласына қажетті мамандықтар бойынша білім беру гранттарын алу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Креативті индустрия орталығы аясында резиденттердің жобаларын іріктеу және оларды кейіннен іске асыру жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы СҚО креативті орталығы резиденттерді түрлі бағыттар бойынша (IT, 3D-модельдеу, графикалық дизайн, киім дизайны) белсенді тарта отырып, «QZ (Qyzyljar) brend» жергілікті брендін қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл сувенирлік өнімдер, стильдендірілген киім топтамалары және өңірдің туристік әлеуеті туралы имидждік бейнероликтер сериясын дайындауды қамтиды.
Сонымен қатар, облыс креаторлары мен жергілікті бизнесті біріктіруге арналған «Creato.kz» цифрлық платформасы әзірлену үстінде.
Қазіргі таңда «OY – PRODUCTION» режиссерлік тобымен бірлесіп «Ботай – жоғалған әлемдер» атты алғашқы көркем-саяхаттық фильмді түсіру, сондай-ақ дизайнер, kolchina_couture_brand негізін қалаушы Айжан Колчинаның Ботай мәдениеті элементтерімен безендірілген күнделікті киім топтамасын жасау мәселесі пысықталуда.
Qyzyljar creative center резиденті Закиржан Мамлютовтің «Ұлы дала дауысы» атты республикалық жобасы әзірлеу сатысында. Орнатылған QR-кодтар арқылы пайдаланушылар тарихи нысандарда анимациялық бейнероликтерді көріп, таңдалған кейіпкер арқылы жергілікті тарихпен таныса алады.
Халықаралық және республикалық жобаларға қатысу және өткізу
Өңірде визиттік карточкаға айналған, кеңінен танымал және асыға күтілетін бірқатар халықаралық жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – 2022 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Qyzyljar Music Fest халықаралық фестивалі. Жыл сайын фестиваль географиясы кеңейіп, оған Astana Opera, Astana Ballet ұжымдары, сондай-ақ Италия, Аргентина, Хакасия, Моңғолия, Ресей және басқа елдер қатысуда.
Ағымдағы жылы фестивальдің заманауи хореография күні Париж Олимпиадасының брейкинг бойынша қола жүлдегері, брейкдансер Амир Закировтың қатысуымен өтті. Классикалық музыка кешінде АҚШ-тан Франко Риос-Кастро, Сербиядан Мария Йелич және «Астана Опера» театрының солистері өнер көрсетті. Фестиваль 12 шілде күні ашық аспан астында өткен ауқымды Гала-концертпен аяқталды. Кештің басты жұлдызы – әнші Sadraddin болды.
Сонымен қатар өңір өз мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық ұжымдарымен де кеңінен танымал.
«Sensitive» би театры 19 жылдық шығармашылық қызметінде 14 Гран-при, 36 бірінші орын, 6 екінші орынды иеленді (Италия, Испания, Болгария, Франция, БАӘ, Қытай және басқа елдердегі халықаралық байқауларда).
Театрдың ең үлкен жетістігі – 2022 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен орындаушылық өнер түрлері бойынша Әлем чемпионатында «Гран-при» жеңіп алуы.
2025 жылы «Sensitive» би театры Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен «Тяньцзинь шілтері» II халықаралық байқау-фестивалінде бірден үш Гран-при иеленді. Байқауға Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария, Ресей және Қазақстаннан 700-ден астам қатысушы қатысты.
Театрдың көркемдік жетекшісі Ростовщикова О.Н. Тяньцзинь қаласы әкімдігімен кездесу өткізді.
Сондай-ақ «Sensitive» театры – Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ Саммиті аясындағы ресми мәдени бағдарламаға қатысқан Қазақстандағы жалғыз ұжым.
Асхат пен Динара Таушевтерден құралған отбасылық дуэт Баку қаласында (Әзербайжан) өткен «World harmony» классикалық музыка мен фольклор орындаушыларының VII халықаралық байқауында Гран-при және II дәрежелі лауреат атанды.
«Мәңгілік» би ансамблі Кипрде (Греция) өткен «Зердали» халықаралық фольклорлық би фестивалінің Гран-при жүлдесіне ие болды.
Любовь Зорина және «Belcanto» ішекті квартеті Анталья қаласында (Түркия) өткен «Global Art» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары атанды.
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртістері халықаралық театр фестивальдерінде бірнеше мәрте жүлделі орындар мен лауреаттық атақтарға ие болды.