Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысындағы діни жағдай туралы анықтама

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысындағы діни жағдай тұрақты. Өңірдегі діни конфессия өкілдерінің өзара іс-қимылының оң серпіні сақталуда, олар бір-біріне түсіністікпен қарап, діни толеранттылықты танытуда.

Облыста 11 конфессияны қамтитын 130 діни бірлестік пен филиал тіркелген: (анықтама үшін: 56 – ислам, 33 – православие, 11 – католик, 2 – пресвитериан, 6 – христиан-баптист, 14 – пятидесятниктік шіркеу, 4 – Жаңаапостолдық шіркеу, 1 – Иегова куәгерлері, 1 – Жетінші күн адвентистері, 1 – Евангелиялық-лютерандық шіркеу, 1 – «Солтүстік Қазақстан облыстық Кришна санасы қоғамы»).

Облыс бойынша барлығы 161 культтік нысан жұмыс істейді (56 мешіт, 30 православиелік ғибадатхана, 42 католик шіркеуі, 27 протестанттық дұға үйлері, 1 – Иегова куәгерлерінің дұға үйі, 4 – Жаңаапостолдық шіркеудің дұға үйлері, 1 – «Солтүстік Қазақстан облыстық Кришна санасы қоғамы»).

Ресми түрде 36 миссионер тіркелген, олардың 32-сі – шетел мемлекеттерінің азаматтары және 4-еуі – Қазақстан Республикасының азаматтары (анықтама үшін: Польша – 21, Беларусь – 3, Австрия – 2, Германия – 2, Украина – 1, Ресей – 2, Швейцария – 1) және Қазақстанның 4 азаматы.

Дін қызметкерлерімен өзара іс-қимыл аясында, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында тұрақты негізде Діни бірлестіктер басшыларының клубы өткізіліп келеді. 2025 жылы Клубтың 4 отырысы ұйымдастырылды.

Облыста 116 адамнан тұратын дін мәселелері бойынша 16 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы (облыс — 2, қала — 1, аудан — 13) жұмыс істейді.       

Жұмыс нәтижесінде 2026 жылдың 1 тоқсанында 9781 адамды қамти отырып, түрлі форматтағы 1149 іс-шара ақпараттық-түсіндіру топтарымен өткізілді. Осы кезеңде жастармен 289 іс-шара өткізіліп, 3006 жас қамтылды.

АТТ қызметі, ең алдымен, жастар, діндарлар, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері, Сауда, сервис және т. б. сияқты халықтың мақсатты санаттарына бағытталған.

55 қарсы насихат материалдары әзірленді, оның ішінде 5 бейнеролик.

Аудандық ресми беттермен бірлесіп 2500-ден астам жарияланым жарияланды.

Діни істер басқармасы діни қызмет саласында 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу жүргізу»;

  2. «Діни әдебиет пен басқа да діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни тағайындалған заттарды тарату үшін арнайы стационарлық бөлмелердің орналасуын бекіту туралы шешім беру»;

  3. «Ғибадатханалық ғимараттарды (құрылымдарды) салу және олардың орналасуын анықтау туралы келісу»;

  4. «Ғимараттарды (құрылымдарды) ғибадатханалық ғимараттарға (құрылымдарға) қайта бейімдеу (функционалдық тағайындалуын өзгерту) туралы шешім беру».

2026 жылдың 1 тоқсанында электрондық форматта 13 Мемлекеттік қызмет көрсетілд .

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Дата публикации
30 декабря 2025
Дата обновления
21 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы