Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат саласы бойынша ақпарат

Ақпараттық саясат. Бүгінгі таңда СҚО бойынша 57 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, оның ішінде 42-сі баспа басылымдары. Соның ішінде 15-і мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде шығады, 5 БАҚ екі тілде жарық көреді. 4 электрондық БАҚ жұмыс істейді, 11 желілік басылым мен ақпарат агенттігі тіркелген.

2025 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырысты облыстық, қалалық және аудандық деңгейде 63 БАҚ орындайды.

Жыл басынан бері Өңірлік коммуникациялар қызметі 126 баспасөз конференциясын, соның ішінде өңірдегі ағымдағы жағдай бойынша жедел брифингтер өткізді.

Азаматтық сектор. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде 465 үкіметтік емес ұйым тіркелген (оның ішінде 383 – белсенді, 14 – қызметі тоқтатылған, 68 – әрекетсіз), соның 75-і аудандық деңгейде орналасқан.

ҮЕҰ-дың басым бөлігі жастар мен балалар бастамалары, білім беру, спорт және әлеуметтік қорғау салаларында қызмет атқарады.

2025 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы сомасы 441 млн теңгеге 131 жоба іске асырылды.

Облыста парламенттік және парламенттік емес 7 саяси партия филиалы тіркелген.

Жалпы алғанда, барлық филиалдар конструктивті жұмыс жүргізуде.

Жастар саясаты. Өңірде 15 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді (13-і аудандарда, 1-еуі Петропавл қаласында, 1 бөлімше «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ жанында).

Жастар орталықтары мамандарының штаттық саны – 97 адам, оның ішінде 22 бос орын бар.

2025 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша облыста 14–34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар саны 8 581 адамды құрады (2024 жылы – 9 100 адам немесе 7,4%, 2023 жылы – 10 530 адам немесе 8,3%), яғни 7,1%.

Жастармен жұмыс барысында «NEET» санатындағы жастарды әлеуметтендіру мәселесіне ерекше назар аударылуда. Мамандардың кеңестері өткізіліп, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылуда, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.

Жыл басынан бері 708 адам жастар практикасына, 1 002 адам қоғамдық жұмыстарға, ал «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша 365 адам жіберілді.

Әлеуметтік осал топтарға жататын жастардың өз ісін ашуына және жаңа бизнес-идеяларын іске асыруына жағдай жасау мақсатында жалпы сомасы 116,4 млн теңгеге дейін, 400 АЕК-ке дейінгі 74 грант берілді.

Этносаралық жағдай. Облыста 26 этномәдени бірлестік тіркелген, олардың 20-сы аккредиттелген. Құрамында 335 мүше бар. Этномәдени бірлестіктер жанында 17 үйірме мен шығармашылық клуб жұмыс істейді.

Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында жұмыс жүргізуде.

СҚО-да 62 Аналар кеңесі жұмыс істейді (1 облыстық, 1 қалалық, 13 аудандық, 36 ауылдық, 6 этномәдени бірлестіктер жанында, 5 облыс кәсіпорындарында).

Аналар кеңестерінің құрамында 388 адам бар.

СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы базасында ғылыми-сараптамалық топ жұмыс істейді. Құрамында 12 адам бар (1 ғылым докторы, 1 ғылым кандидаты, 1 магистр, 9 сарапшы).

СҚО-да 1 медиация кабинеті жұмыс істейді (онда 11 кәсіби медиатор қызмет атқарады).

Дата публикации
29 декабря 2025
Дата обновления
31 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы