Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,82 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,72 трлн теңгеге немесе 16,8%-ға артты.

2025 жылдың 1 желтоқсанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,39 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 14,9%.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 724,44 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 12,7%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 26,3% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша көлемі 9,58 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 желтоқсанына 691,53 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 3 085,73 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 19,2%-ға (немесе 496,50 млрд теңгеге) артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 желтоқсанына дейін 2 379,91 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,0%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 122,12 млрд теңге (өсім – 17,1%), ЕЗЖ – 2,15 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 11 айында ЖМЗЖ 405,17 млрд теңгені құрады.

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 697,09 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 50,5% немесе 569,24 млрд теңгеге көп.

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 19,5% ұлғайып, 01.12.2025ж. 221,55 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 726 теңге.

Жыл басынан бері 01.12.2025ж. дейін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) де жүзеге асырылды – 1 009,68 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 56,59 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 40,34 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,85 млрд теңге, жерлеуге – 9,65 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 356,43 млрд теңге аударылды.

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,15 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,4%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 желтоқсанына 12,70 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,28 млн - МЗЖ бойынша, 760,24 мыңы - МКЗЖ бойынша, 464,22 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,45 млн бірлік.

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
25 декабря 2025
Дата обновления
25 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы