Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 175-ө өкімімен бекітілген 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2022 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге тиімділік аудитін өткізді.
Өткізілген мемлекеттік аудит барысында мыналар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде мынадай ең көп бұзушылықтарға жол берген: Қазақстан Республикасының еңбекке ақы төлеу тәртібін айқындайтын заңнамасының нормасын бұзу; іссапар шығыны бойынша артық төлем; еңбекақы бойынша артық төлем; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу шарасы қабылданбаған; мемлекеттік сатып алуды № 434 Заңды бұзып жүзеге асыру.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мекеме жол берген бұзушылықтар, атап айтқанда сотқа өздері қабылдаған шарт міндеттемесін толық орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен жүгінбеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында қарастырылған әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтар Мекеме қызметкерлерінің қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жеткіліксіз білуінің салдары болды. Жоғарыда баяндалғанға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы қажет. Жаңадан қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді зерделеп, Мекеменің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын қатаң сақтауы, өткізілген аудит нәтижесі бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аударуы, бұзушылықтарды уақытылы жою және бұдан былай ондай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде кешенді шаралар қабылдауы керек. Мекеме қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарына жіберуі қажет.