Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қаржы журналистикасы мектебі» атты онлайн-семинар өткізді

Ағымдағы жылдың 20-21 қарашасында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ, Қор) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мамандары екі күн бойына қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сыныптарын өткізді.

Курс бағдарламасында әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылды. Қор сарапшылары мен ҚРҰБ өкілдері әлемдегі зейнетақы жүйелерінің үлгілері, БЖЗҚ қызметі, зейнетақы активтерін инвестициялау және жинақтарды сенімгерлік басқаруға беру, зейнетақы төлемдерінің түрлері және оларды алу және салық салу тетіктері туралы баяндады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалды қалай жасауға болатынын, тақырып бойынша эксклюзивті түсініктемелерді қайдан табуға болатынын көрсетті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«БЖЗҚ» АҚ аралас форматта (офлайн және онлайн) өткізілген семинарға қатысқан барлық тыңдаушыларға алғысын білдіріп, осы шара барысында алған ақпарат оларға салымшы ретінде пайдалы, өзекті де өтімді журналистік материалдар жасауға көмекші болады деп үміттенеді.

Дата публикации
21 ноября 2025
Дата обновления
21 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы