Меню

Страницы

Статья

Ветеринария

Ветеринарияның негізгі міндеттері халықтың денсаулығын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

 

2026 жылдың 9 айындағы статистика

Вакциналау еселігін есепке алғанда, ауыл шаруашылығы жануарларына вакцина егу бойынша 5,517 млн. манипуляция (сібір жарасы, нодулярлы дерматит, қарасан, аусыл және басқалары), 1032 мың зерттеу, оның ішінде 750 мың диагностикалық зерттеу (бруцеллез), 282 мың аллергиялық зерттеу (туберкулез және маңқа) жүргізілді.

413 943 бас ауыл шаруашылығы жануары, оның ішінде 74 849 бас ірі қара мал, 139 885 бас ұсақ мал, 176 830 бас шошқа, 22 379 бас жылқы бірдейлендірілді.

Ветеринария басқармасы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» 1 мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл қызмет толығымен автоматтандырылған, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.

Аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді: «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру», «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»

Аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары 37 496 мемлекеттік қызмет көрсетті:

- «Ветеринариялық анықтама беру» бойынша – 34 967 мемлекеттік қызмет;

- «Ветеринариялық паспорт беру» бойынша – 2 464 мемлекеттік қызмет;

- «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» бойынша - 65 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ветеринария саласындағы жобалар.

2026 жылы 57 ветеринариялық пункт және 2 ветеринариялық станция сатып алу жоспарланып отыр.

Есепті кезеңде 7 ветеринариялық пункт сатып алынды.

Облыс аумағында 361 мал қорымы, оның ішінде 119 үлгілік, 242 примитивті мал қорымы бар. Жыл сайын мал қорымдарын салу жоспары бекітіледі.

2026 жылы 32 мал қорымын салу жоспарланып отыр.

Есепті кезеңде 28 мал қорымы салынды.

 

Жауапты басқарма: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы.

Мекенжайы: СҚО, Петропавл қ., Жамбыл Жабаев көшесі, 302.

Байланыс нөмірі: 8-7152-34-00-48 (қабылдау бөлмесі).

Дата публикации
31 октября 2025
Дата обновления
15 октября 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы