Нұр-Сұлтан қ. «Ветеринария бойынша ұлттық референттiк орталығы» ШЖҚ РМК өткiзген диагностикалық зерттеулер нәтижелерi бойынша, 2020 жылғы 18 қыркүйектегi № 1-236/9-20-В, № 1-236/11-20-В, № 1-236/1-6-20-В, № 1-236/10-20-В сынамалық хаттамаларға байланысты, Солтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы елдi мекендердегi өлген және ауырған үй құстарынан және де дала құстарынан алынған биологиялық материал сынамаларда, құс тұмауы — ауруының аса қауiптi қоздырғыштары анықталды.
«Карантин немесе шектеу iс-шаралар қойылатын, жануарлардың жұқпалы ауруларының тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығына сәйкес, құс тұмауы карантин қойылатын жануарлардың жұқпалы аурулары тiзiлiмiне енгiзiлген.
Жоғарыда жазылғандар негiзiнде, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2-шi тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығының 817-т. көрсетiлген тәртiбiнде, «Карантин немесе шектеу iс-шараларын алу немесе бекiту Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 9 ақпандағы №7-1/86 бұйрығының 1-т. 4т. көрсетiлген тәртiпте, құс тұмауы — аса қауiптi жұқпалы ауруын оқшаулау және жою мақсатында осы қаулының жобасы шығарылды.
Солтүстiк Қазақстан облысы
Әкiмдiгiнiң ветеринария
басқармасының басшысы Б. Әлжанов