Нұр-Сұлтан қ. «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» ШЖҚ РМК өткізген диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша, 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 1-231-20-В, 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 1-234/2-20-В сынамалық хаттамаларға байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы елді мекендердегі өлген және ауырған үй құстарынан және де дала құстарынан алынған биологиялық материал сынамаларда, құс тұмауы – ауруының аса қауіпті қоздырғыштары анықталды.
«Карантин немесе шектеу іс-шаралар қойылатын, жануарлардың жұқпалы ауруларының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығына сәйкес, құс тұмауы карантин қойылатын жануарлардың жұқпалы аурулары тізіліміне енгізілген.
Жоғарыда жазылғандар негізінде, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2-ші тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығының 817-т. көрсетілген тәртібінде, «Карантин немесе шектеу іс-шараларын алу немесе бекіту Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №7-1/86 бұйрығының 1-т. 4т. көрсетілген тәртіпте, құс тұмауы – аса қауіпті жұқпалы ауруын оқшаулау және жою мақсатында осы қаулының жобасы шығарылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Әкімдігінің ветеринария
басқармасының басшысы Б. Әлжанов