Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №175-ө өкімімен бекітілген 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында мыналар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде ең көп бұзушылықтарға жол берді, бюджет қаражатын игеру мақсатында Мекеме ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ерекшеліктер сомаларын ауыстыруды жүргізді; іссапар шығыстары бойынша артық төлем жасалғаны; тауар-материалдық қорлардың жетіспеушілігі; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша шаралар қабылданбағаны; № 434 Заңды бұза отырып, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мекеме жол берген бұзушылықтар, атап айтқанда, өздері қабылдаған шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтар Мекеме қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білуінің салдары болды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыру. Жаңадан қабылданатын нормативтік - құқықтық актілерді зерделеу, Мекеменің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын қатаң сақтау, жүргізілген аудит нәтижелері бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аудару, уақытылы жою және бұдан әрі мұндай бұзушылықтарды болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдау. Мекеме қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстарына жіберу.