Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына (әрі қарай-Аппарат) 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында барлығы 2 861 өтініш келіп түсті, (2024 ж. - 2936) оның ішінде 808 жеке тұлғалар (2024 ж. - 791), 331 (2024 ж. - 353) заңды тұлға өкілдері жүгінді.
Арыздардың түрі бойынша 1545 – өтініш (2024ж.- 1808), 267 - шағым (2024ж.-144) және 1049 - басқалары (2024 ж. - 984) түсті.
Жоғарғы органдардан 1006 өтініш келіп түсті (2024 ж.- 1029), оның ішінде Президент Әкімшілігінен - 177 (2024 ж.-207), Үкімет Аппаратынан - 136 (2024 ж.-295), басқа ОМО - 693 (2024 ж. - 527).
Аппаратқа 327 өтініш тікелей пошталық байланыс бөлімдері мен азаматтардың қолма-қол әкелуі арқылы (қағаз түрінде) келіп түсті, ал 2534 - «Е-өтініш» жүйесі арқылы түсті.
Аппаратқа түскен барлық өтініштер талданып, құзыреті шегінде қарастырылуға жолданды: аппараттың салалық бөлімдеріне - 1149 құжат берілді, ал жергілікті атқарушы органдарға – 1712 қайта жолданды.
Жергілікті халықтың көкейтесті мәселелері ретінде келесі сауалдар орын алуда:
- тұрғын-үй шаруашылығы - 317;
- білім мәселесі (оның ішінде оқыту семинарлары) - 288;
- арыз иелерін жеке қабылдау - 198;
- жер және жер пайдалану мәселелері - 186;
- кәсіпкерлік - 121;
- еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету – 83;
- құрылыс мәселелері - 81;
- ішкі саясат - 80;
- ТЖ мәселелері - 68;
- ауыл шаруашылығы - 68;
- мәдениет - 65;
- көлік және коммуникациялар - 66;
- мемлекеттік сатып алу - 46;
- лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі – 34;
- басқалар - 1121.
Есептік кезеңде қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 14, ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды – 55, 71 өтініш бойынша жауап берілді, 41 - тоқтатылды, басқасы – 923, жұмыс барысында қалғаны - 98.
Жеке қабылдауда 214 (2024 ж.-215) азамат қабылданды.
Облыс әкімі аппаратында өтініштерді қарастыру жөніндегі жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және әрдайым бақылауда.