Меню

Страницы

Статья

Кондоминиум объектілерін басқарудағы жаңа тәртіп

Кондоминиум объектілерін басқарудағы жаңа тәртіп: Заңда қандай өзегістер енгізілді?

Қазақстанда кондоминиумдар ішіндегі тәртіпті орнатуға және жергілікті атқарушы органдардың бақылауын күшейтуге бағытталған Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға маңызды өзгерістер енгізілді.
Бұл неге маңызды?

  1. Соңғы 5 жылдағы реформа жүргізілгеніне қарамастан, МИБ/ТББ нысандарындағы мүлік иелері мен басқарушы және сервис субъектілері арасындағы қызмет көрсету туралы ақпараттың жабықтығы әлі де сақталып отыр. Бұл нысандар көппәтерлі тұрғын үй ішіндегі қызметтерді көрсету үшін шағын бизнесті тартуда.

  2. Мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан сұрақтар мен шағымдарға сүйене отырып, жұмыс тобының мүшелері де меншік иелеріне ай сайынғы және жылдық есептерді уақтылы бермеу деректерінің жиі кездесетінін атап өтті.

  3. Жағдайды күрделендіріп тұрған тағы бір мәселе – үйлерді МИБ-ке немесе басқарушы компанияларға беру кезінде ережелердің сақталмауы және жүйелі түрде бұзылуы болып табылады. Нәтижесінде объектілердің техникалық пайдаланылуы мен күтімі бойынша сабақтастық жоғалып, басқару мен қаржы құжаттамалары сақталмайды. МИБ төрағасының немесе басқарушы компанияның ауысуына байланысты үй берілмеген жағдайда, меншік иелері бастапқы бухгалтерлік құжаттарға, бухгалтерия жүргізу бағдарламаларына және екінші деңгейдегі банктердегі қаржылық қозғалыс бойынша шот көшірмелеріне қол жеткізе алмайды.

Енді жаңа өзгерістерге сәйкес барлық заңды тұлғалар (МИБ, ПИК, ЖШС, басқарушылар) үшін міндетті түрде:

  • әр үй бойынша бөлек есеп жүргізу – ағымдағы және жинақ шоттарын жеке ашу;

  • қаржылық тәртіпті сақтау;

  • Заңда ай сайынғы тарифтерді бекіту және әр үй бойынша ТКШ ақпараттандыру объектілеріне мәліметтерді беру кезінде жылдық шығындар сметасын жиналыспен бекітудің міндеттілігіне үлкен назар аударылған;

  • уәкілетті органдар мен әкімдіктерге бақылау тетіктері күшейтілді: көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімдерін жүргізу, кондоминиум объектілерінің тіркелуін және жер учаскелерінің объектіге қосылуын, жинақ және ағымдағы шоттардың ашылуын және банктерде ашу қағидаларына сәйкестігін, сондай-ақ күрделі жөндеу мақсаттарына жинақтарды алу тәртібінің сақталуын міндеттеу енгізілді;

  • Заң кондоминиум объектілерінің техникалық жай-күйін бақылау, жыл сайынғы тексеру актілерінің және әр объект бойынша инвентарлық тізімнің болуына ерекше көңіл бөлді. Бұл деректер болашақта біртұтас жүйеде жинақталып, күрделі жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуін және ортақ мүлік құрамы бойынша есеп жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Объектілер туралы толық ақпараттың қалыптастырылуы, оны уәкілетті органдар мен басқару және күтіп-ұстау үшін жауапты тұлғалардың өзектендіруі – халықты артық төлемдерден қорғайды, ортақ мүлікке бақылау орнатады және ғимаратты пайдалану кезеңінде жұмыстардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.

Дата публикации
24 июля 2025
Дата обновления
24 июля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы