«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шара қорытындысы туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №175-ө өкімімен бекітілген 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының балалар -жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) 2022 жылғы 01 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында мыналар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет қаражатын игеру мақсатында специфика сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ауыстыруда ең көп бұзушылықтарға; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылықтарға; іссапар шығыстары бойынша артық төлем жасауға; мемлекеттік сатып алуды № 434 Заңды бұзып жүзеге асыруға жол берген.
Анықталған бұзушылықтардың себептері қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткілікті білмеу, аудит объектісінің лауазымды адамдары тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуын жеткілікті бақыламауы болды. Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызмет жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы тиіс. Мекеме қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарына жіберіп отыруы керек.