«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Аю-тас сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы (Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының 2025.19.03 №25-8-10/829-И қызметтік жазбасы) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Аю-тас сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2022 жылғы 01 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Кәсіпорын аудит жасалған кезеңде Кәсіпорын директорына артық жалақы және уәкілетті органның сыйлықақы беру туралы бұйрығынсыз сыйлықақы төленгені анықталды.
Жалақыны артық төлеу себептерінің бірі – директорға, бухгалтерге және шаруашылық меңгерушісіне төленетін жалақысы жоғары штат кестесі, дегенмен штат кестесін Кәсіпорын директоры бекітеді және Уәкілетті орган келіседі.
Кәсіпорын тарапынан жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері Кәсіпорын қызметкерлерінің қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жеткіліксіз білуінің және Кәсіпорын басшылығы тарапынан бақылаудың нашарлығының, сондай-ақ Уәкілетті орган тарапынан тиісті бақылау болмағанының салдарынан болды.
Жоғарыда баяндалғанға сүйене отырып, Кәсіпорын әкімшілік-шаруашылық персоналдың жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы, сондай-ақ Кәсіпорынның бухгалтерін біліктілікті арттыру курстарына жіберуі қажет.
Кәсіпорын қызметкерлеріне артық аударылған жалақы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар жіберілетін болады.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы – мемлекеттік аудитор М.К. Есмағамбетов