Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп.

2025 жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 311 249,5 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ –110,3%.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (82,9%), 2025 жылғы қаңтар-мамыр 258 087,1 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 112,2%.

2025 жылғы қаңтар-мамыр тамақ өнімдерін өндіру 137 090,3 млн. теңгені құрады, өсімдік және жануарлар майлары мен тоң майларды өндіру 54,4% - ға, дайын мал азығын өндіру 64,5% - ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 33,9% алып жатқан машина жасау саласында 87 558,3 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ – 112,6%.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2025 жылғы қаңтар- мамырда көлемі 43 194,6 млн.теңгені құрады, НКИ – 92,6%.

«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтар-мамырда өндіріс көлемі 7 119 млн. теңгені құрады, НКИ – 101,7%.

ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) шамамен 2,6 мың жұмыс орнын құра отырып, 264,7 млрд. теңге сомасына 20 жобаны іске асыру жоспарланған.  

Ауыл шаруашылығы. 2025 жылғы қаңтар-мамыр аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 70 125,9 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-мамыр айының деңгейіне 107,5%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 27,7 мың тонна немесе 2024 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне 113,8% құрады.

Сүт –          132,6 мың тонна (103,2%);

Жұмыртқа – 250,7 млн. дана (106,1%).

2025 ж. 01.06. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ – 339,9 мың бас (97,5%);

о.і. сиыр -159,7 мың бас (94,5%);

қой - 557,0 мың бас (106,9%);       

ешкі – 12,7 мың бас (100,0%);

жылқы – 187,2 мың бас (106,4%);

шошқа – 151,1 мың бас (112,0%);

құс - 3 800,6 мың бас (109,1%).

Кәсіпкерлік.

2025 жылғы 1 маусымдағы облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 35,7 мың бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында 251,3 млн. АҚШ долларын құрады, 2024 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 46,9%-ға аз, оның ішінде тауарлар экспорты – 146,2 млн. АҚШ долларын (57,9%-ға өсті), импорт – 105,2 млн. АҚШ долларын (1,1%- ға өсті).

Экспорттың негізгі серіктестері Қытай (экспорттың жалпы көлемінің 16,3%), Ауғанстан (16,3%), Иран, Ислам Республикасы (14,2 %), Ауғанстан (13,6 %), Өзбекстан (11,6%), Тәжікстан (8,3%) болып табылады.

Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары» - экспорттың жалпы көлемінің 93,2%-ды немесе 136,3 млн.АҚШ доллары. (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,1%-ға өсті).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері Германия (импорттың жалпы көлемінің 39,4%), Қытай (23,7%), Түркия (5,0%), Польша (3,0%), Италия (1,6%) болып табылады.

Импорттық жеткізілім құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» импорттың жалпы көлемінің 73,9% - ы немесе 77,8 млн. АҚШ доллары), «Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (9,1% немесе 9,5 млн. АҚШ доллары), «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» (8,3% немесе 8,8 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, ағаш және қағаз өнімдері» (0,9% немесе 9,5 млн. АҚШ доллары), «Минералды өнімдер» (0,8% немесе 8,4 млн. АҚШ доллары).

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында 185,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңнен 7,9% – ға кем, оның ішінде импорт - 163 млн. АҚШ доллары (1,8% - ға төмендеу), экспорт – 22,6 млн.АҚШ доллары (36,6% - ға төмендеу).

Негізгі капиталға инвестициялар.

2025 жылғы қаңтар-мамыр айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 145 369,8 млн. теңгені немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 106,7% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 45,3%), мемлекеттік бюджеттен (13,2%), кредиттері (10,7%) және басқа қарыздық қаражат (30,8%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (32,9%), өнеркәсіп (22,5%), көлік және қоймалау (22,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,6%).

Тұрғын үй құрылысы. 2025 жылғы қаңтар-мамыр облыс аумағында жалпы ауданы 56 962 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңге 110,6% құрайды.

Сумен жабдықтау. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде 2024 жылы:

- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 31 182,2 млн.теңге (АМҚ – 14 871,5 млн.теңге, РБ/ ҰФ – 6 266,6 млн.теңге, МБ – 10 044,1 млн.теңге).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 4 135,2 млн. теңге.

«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 880,0 млн.теңге.

Су тарату желілерін қалпына келтіру (ағымдағы нысандардың жөндеуі) 528,0 млн.теңге бөлінді.

75 ауылға су тазарту жүйесі бар кешенді блоктық модульдерді орнатуға және сатып алуға 660 млн.теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау. 2025 жылғы қантар-мамырда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4956 адамды құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,7%-ға төмен. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,8% құрады, бұл 2024 жылғы сәйкес деңгейде.

2025 жылғы 1 маусымға 8442 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіліп, 4377 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылды. Қоғамдық жұмыстарға 1292 адам жіберілді.

2025 жылғы 1 маусымға 3171 азаматқа 155,6 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 50 млрд. 617,3 млн. теңгені құрады, 2025 жылғы 1 маусым жоспарындағы 13 млрд. 111,5 млн. теңгеден 12 млрд. 960,0 млн. теңге немесе 98,8% игерілді, оның ішінде:

- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 2 млрд 519,6 млн. теңге (ЖБ – 2 млрд 519,6 млн. теңге), есепті кезеңге арналған жоспар 750,9 млн. теңгені құрады (ЖБ – 750,9 млн. теңге),                                 750,9 млн.теңге игерілді (ЖБ – 750,9 млн. теңге);

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар –                    5 млрд. 871,1 млн. теңге (ЖБ – 5 млрд. 871,1 млн. теңге), есепті кезең жоспары 348,3 мың теңгені құрады (ЖБ – 348,3 мың теңге), 348,3 мың теңге игерілді (ЖБ – 348,3 мың теңге);

- денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2025 жылға барлығы 144,4 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражатынан 144,4 млн. теңге сомаға, оның ішінде:

«СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында бір ауысымда                        250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша)» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 37,1 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы                      5,0 млн. теңгеден игерілу 5,0 млн.теңгені немесе 100%-ды құрады.

«СҚО Петропавл қаласында жуу базасы бар 20 санитарлық автомашинаға симмулляциялық оқу орталығымен және жөндеу базасымен жылына 100 000 шығуға арналған облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясын салу (қосымша)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (сілтеме) – 35,7 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 15,0 млн.теңгеден 15,0 млн. теңге немесе 100% игерілді.

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 26,2 млн. теңге.

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы Мағжан Жұмабаев көшесі, 25 мекенжайында орналасқан дәрігерлік амбулаторияны салу – 39,4 млн. теңге.

СҚО Уалиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда                  250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) – 6,0 млн. теңге.

«Білім» саласына 2025 жылға 164 071,5 млн. теңге қарастырылды.

2025ж.01.06 жоспардағы 66 295,8 млн. теңгеден игерілу 66 291,3 млн. теңгені немесе 100,0%-ды  құрады.

Барлығы 2025 жылға білім беру объектілерін дамытуға  217,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 217,4 млн. теңге.

- Петропавл қаласында 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық мектеп-интернат салу (сыртқы желі және аумақты абаттандыру) – 104,8 млн.  теңге.  Есепті кезең жоспарындағы 77,5 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

- «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимка ауылында                  600 оқушыға арналған мектеп салу» жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 5,6 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 3,0 млн. теңгеден игерілу   100%-ды құрады.

- «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Белое ауылында 120 орындық мектеп салу (қосымша)» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу –                 23,4 млн. теңге.

- «Петропавл қаласы «Орман» ықшам ауданында «Үркер-Сириус» мектебіне сыртқы инженерлік желі өткізу» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу –   41,5 млн. теңге.

- «М. Жұмабаев ауданының Қарақоға ауылында 400 оқушыға арналған мектеп салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу –       42,1 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 15,0 млн. теңгеден игерілу   100%-ды құрады.

         Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына  8 718,2 млн. теңге бөлінді.  Есепті кезең жоспарындағы 1 906,4 млн. теңгеден  1 906,3 млн.  теңге немесе 100,0% игерілді.

Мектептер саны

458

444

96,9%

 

 

 

Қосымша

 

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2023ж

2024ж

Қаңтар-мамыр

2025 ж. 2024 ж. %

2024

жыл

2025 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

77,6

74,3

24,3

27,7

113,8

Сүт

мың тонна

348,9

370,7

128,5

132,6

103,2

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

567,9

602,7

236,4

250,7

106,1

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2025 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша

ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2025 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша

өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

 

 

Дата публикации
23 июня 2025
Дата обновления
15 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы