Өнеркәсіп.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 103 452,4 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ –119,4%.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (78,9%), 2025 жылғы қаңтар-ақпан 81 680,6 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 122,7%.

2025 жылғы қаңтар-ақпан тамақ өнімдерін өндіру 48 376,0 млн. теңгені құрады, өсімдік және жануарлар майлары мен тоң майларды өндіру 30,8% - ға, дайын мал азығын өндіру 53,0% - ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 26,0% алып жатқан машина жасау саласында 21 223,6 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ 2,2 есе өсті.
Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 2 374,2 млн.теңгеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 1 262,3 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 125,6%.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2025 жылғы қаңтар-ақпанда көлемі 18 015,1 млн.теңгені құрады, НКИ – 91,0%.
«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтарда өндіріс көлемі 2 561,5 млн. теңгені құрады, НКИ – 101,2%.
ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) шамамен 2,9 мың жұмыс орнын құра отырып, 350,2 млрд. теңге сомасына 22 жобаны іске асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы. 2025 жылғы қаңтар-ақпан аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 23 791,9 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-ақпан айының деңгейіне 104,2%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 12,5 мың тоннаны немесе 2024 жылғы қаңтар- ақпандың деңгейіне 102,4% құрады.
Сүт – 36,6 мың тонна (105,4%);
Жұмыртқа –91,6 млн. дана (105,9%).
2025 ж. 01.03. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
ІҚМ - 318,6 мың бас (98,3%);
о.і. сиыр -149,5 мың бас (95,3%);
қой - 378,0 мың бас (108,2%);
ешкі - 8,4 мың бас (95,1%);
жылқы - 142,6 мың бас (106,8%);
шошқа - 133,7 мың бас (109,4%);
құс - 3 503,8 мың бас (101,8%).
Кәсіпкерлік.
2025 жылғы 1 наурыздағы облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 35,6 мың бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 2024 жылғы 549,2 млн. АҚШ долларын құрады, 2023 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 25,8%-ға аз, оның ішінде тауарлар экспорты – 297,4 млн. АҚШ долларын (20,8%-ға төмендеді), импорт – 251,8 млн. АҚШ долларын (төмендеу 31,0%).
Экспорттың негізгі серіктестері Өзбекстан (экспорттың жалпы көлемінің 26,7%), Ауғанстан (19,8%), Қытай (10,6%), Польша (4,7%) болып табылады.
Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары» - экспорттың жалпы көлемінің 88,9%-ды немесе 264,4 млн.АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері Германия (импорттың жалпы көлемінің 44,0%), Қытай (22,8%), Италия (4,6%), Түркия (3,8%), АҚШ (2,2%) болып табылады.
Импорттық жеткізілім құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» импорттың жалпы көлемінің (72,4% - ы немесе 182,3 млн. АҚШ доллары), «химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (9,0% немесе 22,5 млн. АҚШ доллары), «жануарлар өнімдері дайын азық-түлік тауарлары» (6,2% немесе 15,7 млн. АҚШ доллары), «металдар және олардан жасалған бұйымдар» (7,9% немесе 19,8 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 2024 жылы 721,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңнен 12,4% – ға артық, оның ішінде импорт-609,8 млн. АҚШ доллары 20,4% – ға артық, экспорт – 112,0 млн.АҚШ доллары (17,4% - ға төмендеу).
Негізгі капиталға инвестициялар.
2025 жылғы қаңтар-ақпан айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 36 976,4 млн. теңгені немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 86,7% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 52,4%), мемлекеттік бюджеттен (9,7%), кредиттері (6,9%) және басқа қарыздық қаражат (31,0%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (34,9%), өнеркәсіп (18,8%), көлік және қоймалау (21,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,7%).
Тұрғын үй құрылысы. 2025 жылғы қаңтар-ақпан облыс аумағында жалпы ауданы 12 954 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңге 113,4% құрайды.
Сумен жабдықтау. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде 2024 жылы:
- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 24 517,15 млн.теңге (ҰФ – 8 974,9 млн.теңге, РБ – 6 266,6 млн.теңге, МБ – 9 275,6 млн.теңге).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 756,0 млн. теңге.
«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 880,0 млн.теңге.
Су тарату желілерін қалпына келтіру (ағымдағы нысандардың жөндеуі) 497,0 млн.теңге бөлінді.
75 ауылға су тазарту жүйесі бар кешенді блоктық модульдерді орнатуға және сатып алуға 660 млн.теңге бөлінді.
Әлеуметтік қорғау. 2025 жылғы наурызда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4609 адамды құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,0%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,6% құрады, бұл 2024жылғы сәйкес деңгейде.
2025 жылғы 1 наурызға 889 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 1903 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 886 адам жіберілді.
2025 жылғы 1 наурызға 2424 азаматқа 35,1 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 34 млрд. 137,2 млн. теңгені құрады, 2025 жылғы 1 наурыз жоспарындағы 4 млрд. 003,7 млн. теңгеден 3 млрд. 999,1 млн. теңге немесе 99,9% игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 1 млрд 823,1 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд 823,1 млн. теңге), есепті кезең жоспары 274, 220 млн. теңге (ЖБ – 274, 220 млн. теңге), 274,220 млн.теңге игерілді (ЖБ – 274,220 млн. теңге);
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған жылдық жоспар – 4 млрд. 923,6 млн. теңге, есепті кезеңге арналған жоспар жоқ;
- денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2025 жылға барлығы 102,8 млн. теңге бөлінді.
Жергілікті бюджет қаражатынан 102,8 млн. теңге сомаға, оның ішінде:
«СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша)» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 37,1 млн. теңге;
«Медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жобалау-сметалық құжаттамасын түзету – 15,0 млн. теңге;
«Медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жобалау-сметалық құжаттамасын түзету – 15,0 млн.теңге.
«Петропавл қаласында жедел жәрдем ғимаратын салу» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 35,7 млн. теңге.
«Білім» саласына 2025 жылға 168 532,7 млн. теңге қарастырылды.
2025ж.01.03 жоспардағы 23 755,9 млн. теңгеден игерілу 23 730,4 млн. теңгені немесе 99,9%-ды құрады.
Барлығы 2025 жылға білім беру объектілерін дамытуға 4,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 4,9 млн. теңге.
- «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимка ауылында 600 оқушыға арналған мектеп салу» жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 4,9 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1,1 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 2 805,2 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 146,3 млн. теңгеден 146,3 млн. теңге немесе 100,0% игерілді.
|
Мектептер саны |
458 |
444 |
96,9% |
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2022 жыл |
2023 қантар-желтоксан жыл |
Қаңтар-ақпан |
2025 ж. 2024 ж. % |
|
|
2024 жыл |
2025 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
105,5 |
112,1 |
12,2 |
12,5 |
102,4 |
|
Сүт |
мың тонна |
635,2 |
669,5 |
34,7 |
36,6 |
105,4 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
553,2 |
680 |
86,5 |
91,6 |
105,9 |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2025 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша
ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2025 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша
өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі
