Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Гимнастикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шара қорытындысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №175-ө өкімімен бекітілген 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Гимнастикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) 2022 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында мыналар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет қаражатын игеру мақсатында ең көп бұзушылықтарға жол берді, Мекеме ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ерекшеліктер сомаларын ауыстыруды жүргізді; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылықтарға жол берді; іссапар шығыстары бойынша артық төлем жасады; тауар-материалдық қорлардың жетіспеушілігі; № 434 Заңды бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.

Анықталған бұзушылықтардың себептері қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткілікті білмеу, аудит объектісінің лауазымды адамдары тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуын жеткілікті бақыламауы болды. Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызмет жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы тиіс. Мекеме қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарына жіберіп отыруы керек.

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы