Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп.

2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 49 292,3 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ –122,1%.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (77,5%), 2025 жылғы қаңтар 38 213,6 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 125,4%.

2025 жылғы қаңтар тамақ өнімдерін өндіру 22 421,2 млн. теңгені құрады, ұн және жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру 35,2% - ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 27,9% алып жатқан машина жасау саласында 10 669,4 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ 3,7 есе өсті.

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 599,5 млн.теңгеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 502 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 105,7%.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2025 жылғы қаңтарда көлемі 9 369,5 млн.теңгені құрады, НКИ – 97,8%.

«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтарда өндіріс көлемі 1 085,8 млн. теңгені құрады, НКИ – 85,8%.

ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) шамамен 2,4 мың жұмыс орнын құра отырып, 324,2 млрд. теңге сомасына 15 жобаны іске асыру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы. 2025 жылғы қаңтар аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 12 807,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар айының деңгейіне 106,5%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 7,5 мың тоннаны немесе 2024 жылғы қаңтардың деңгейіне 104,3% құрады.

Сүт – 17,8 мың тонна (106,9%);

Жұмыртқа –47,3 млн. дана (114,2%).

2025 ж. 01.02. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ - 288,8 мың бас (97,9%);

о.і. сиыр -145,1   мың бас (95,1%);

қой - 378,9 мың бас (107,8%);

ешкі -         8,5    мың бас      (95,8%);    

жылқы -      143,3 мың бас      (101,2%);  

шошқа -      131,5 мың бас      (114,7%);  

құс -  3 633,2       мың бас      (100,9%).  

Кәсіпкерлік.

2025 жылғы 1 ақпандағы облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 35,5 мың бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 2024 жылғы қаңтар-қарашада 510,4 млн. АҚШ долларын құрады, 2023 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 26,8%-ға аз, оның ішінде тауарлар экспорты – 267,6 млн. АҚШ долларын (27,9%-ға төмендеді), импорт – 242,8 млн. АҚШ долларын (төмендеу 29,4%).

Экспорттың негізгі серіктестері Өзбекстан (экспорттың жалпы көлемінің 28,7%), Ауғанстан (19,8%), Қытай (10,5%), Тәжікстан (11,5%), Польша (4,7%) болып табылады.

Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары» - экспорттың жалпы көлемінің 87,7%-ды немесе 234,7 млн.АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері Германия (импорттың жалпы көлемінің 45,2%), Қытай (21,7%), Италия (4,6%), Түркия (3,7%), АҚШ (2,3%) болып табылады.

Импорттық жеткізілім құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 73,1%-ды немесе 177,6 млн. АҚШ доллар), «Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (8,7% немесе 21,0 млн. АҚШ доллар), «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» (7,6% немесе 18,4 млн. АҚШ доллар), «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары» (6,3% немесе 15,2 млн. АҚШ доллар).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-қарашада 674,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 16,1%-ға артық, оның ішінде импорт – 572,1 млн. АҚШ доллары (26,1%-ға өсті),
экспорт – 102,6 млн.АҚШ доллары (19,4%-ға төмендеді).

Негізгі капиталға инвестициялар.

2025 жылғы қаңтар айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 18 311,9 млн. теңгені немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 128,7% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 57,6%), мемлекеттік бюджеттен (4,8%), кредиттері (0,4%) және басқа қарыздық қаражат (37,2%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (35,3%), өнеркәсіп (29,1%), көлік және қоймалау (16,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (6,7%).

Тұрғын үй құрылысы. 2025 жылғы қаңтар облыс аумағында жалпы ауданы 2 583 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңге 99,8% құрайды.

Сумен жабдықтау. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде 2024 жылы:

- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 12 685,45 млн.теңге (ҰФ – 2 319,9 млн.теңге, РБ – 3 946,6 млн.теңге, МБ – 6 418,9 млн.теңге).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 756,0 млн. теңге.

«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 880,0 млн.теңге.

Су тарату желілерін қалпына келтіру (ағымдағы нысандардың жөндеуі) 729,0 млн.теңге бөлінді.

64 ауылға су тазарту жүйесі бар кешенді блоктық модульдерді орнатуға және сатып алуға 404,8 млн.теңге бөлінді.

Топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту жобаларын іске асыруға 3,7 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау. 2025 жылғы қантарда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4029 адамды құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,7%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,4% құрады, бұл 2024жылғы сәйкес деңгейде.

2025 жылғы 1 ақпанға 406 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 1359 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 494 адам жіберілді.

2025 жылғы 1 ақпанға 2436 азаматқа 35 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 14 млрд. 856,7 млн. теңгені құрады, 2025 жылғы 1 ақпан жоспарындағы 49 млн. 209 теңгеден 49 млн. 183,5 теңге немесе 99,9% игерілді, оның ішінде:

- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге арналған жылдық жоспар – 2 млрд. 073,9 млн. теңге, есепті кезеңге арналған жоспар жоқ.

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған жылдық жоспар – 7 млрд. 558 млн. теңге, есепті кезеңге арналған жоспар жоқ.

- денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2025 жылға барлығы 67,1 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражатынан 67,1 млн. теңге сомаға, оның ішінде:

«СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша)» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 37,1 млн. теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жобалау-сметалық құжаттамасын түзету (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 15,0 млн.теңге.

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жобалау-сметалық құжаттамасын түзету (абаттандыру және сыртқы инженерлік желі) – 15,0 млн.теңге.

 «Білім» «Білім» саласына 2025 жылға 168 532,7 млн. теңге қарастырылды.

2025ж.01.02 жоспардағы 10 315,9 млн. теңгеден игерілу 10 300,0 млн. теңгені немесе 99,8%-ды құрады.

Барлығы 2025 жылға білім беру объектілерін дамытуға 4,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 4,9 млн. теңге.

- «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимка ауылында 600 оқушыға арналған мектеп салу» жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 4,9 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1,1 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 2 750,4 млн. теңге бөлінді.

Мектептер саны

458

444

96,9%

 

 

Қосымша

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2022 жыл

2023

қантар-желтоксан жыл

Қаңтар

2025 ж. 2024 ж. %

2024

жыл

2025 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

105,5

112,1

7,2

7,5

104,3

Сүт

мың тонна

635,2

669,5

16,7

17,8

106,9

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

553,2

680

41,5

47,3

114,2

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2025 жылғы қаңтар айлары бойынша

ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2025 жылғы қаңтар айлары бойынша

өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025
Дата обновления
26 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы