Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан 2025 жыл 31 қаңтар күні облыс әкімі аппараты және облыс әкімдігінің 7 басқармасы мемлекеттік қызметшілерімен (жалпы 120 қызметші) “Қызметтік әдепті сақтау. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшілерді Қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеу” тақырыптарында семинар-тренинг өткізілді.
Кездесуде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті департаменті басқарма бастығы Б.Қ.Жанбулов, Антикор қызметінің аға инспекторы Л.Н.Зайцева және полиция Департаменті аға инспекторы Р.Ш.Багаутдиновтер спикер ретінде қатысты.
Мемлекеттік қызметшілерге қызқызметтік әдепті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау маңыздылығы түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыстар алып барылды.