Әдеп жөніндегі уәкіл институтының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Петропавл қаласы және облыс аудандары әдеп жөніндегі уәкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесуде өңірімізде мемлекеттік қызметшілер арасында орын алып жатқан қызмет әдебін бұзу және басқада құқыұ бұзушылықтар бойынша ақпарат алмасылды. Олардың алдын алу бойынша пікір талас болды.
Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласындағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер туралы мәліметтер жеткізілді.