«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлауалдындағы үгіт жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын (2025 жылғы 18 ақпаннан кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар хабарлау және жариялау тиіс екендігін ескертеміз.
Бұқаралық ақпарат құралдары, ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. Заңнаманың осы нормасын бұзу ҚРӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер аумақтық сайлау комиссиясына берілуге тиіс.