Меню

Страницы

Статья

Әдеп жөніндегі уәкілі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылғы 6 ай ішіндегі жұмысы туралы

Талдау тиісті мемлекеттік орган басшысының әдебіне мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейін айқындау бойынша анонимдік сауалнама (2021 жыл 15 қараша)

2021 жыл қараша айы халеті бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарының ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 9 ай ішіндегі жұмысы туралы

2021 жыл 27 тамыз кунi облыстың мемлекет қызметшiлерi алдынды ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, аудармашы, композитор ретiнде ел тарихында өшпес iз қалдырған Абай Құнанбайұлының қара сөздерiн насихаттау барысында өткiзiлген iс-шараға қатысып, кездесуге өз улесiмдi костым. Оның өлеңдерi мен қара сөздерiнде ұлт болмысы, бiтiмi, тұрмысы, тiршiлiгi, дүниетанымы, мiнезi, жаны, дiнi, дiлi, тiлi, рухы көрiнiс тауып, кейiн «Абай әлемi» деген бiрегей құбылыс ретiнде баға­ланды.

2021 ж. 23.08.

Ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi Әдеп жөнiндегi кеңесiнiң шешiмiн орындау аясында 2021 ж. 20.08. Қызылжар ауданы Соколов және Вагулин ауылдық округ әкiмi аппаратының ұжымдарында Әдеп кодексi нормаларын сақтау және заңнамамен қарастырылған мемлекеттiк қызмет жөнiндегi шектеулер жөнiнде кездесу және түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.

Кездесу барысында ауылдық округ әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi мемлекеттiк қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңдарды және ҚР мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiн жақсы бiлетiнiн көрсеттi. Әсiресе, Вагулин ауылдық округi әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiн көру өте жағымды болды, олар мемлекеттiк қызметшiнiң сыртқы келбетi мәселесiне креотивтi тұрғыдан келiп, өздерiнiң шағын еңбекақыларына қарамастан бiрыңғай киiм үлгiсiн тiктiрiп алған. Көрсетiлген ұжымдарда оң атмосфера, өзара құрмет және оларға жүктелген мiндеттi орындау iсiнде бiр-бiрiн қолдау қалыптасқан, бұл моральдық-психологиялық ахуалды айқындау жөнiнде жүргiзiлген анонимдi сауалнаманы талдау кезiнде көрiндi.

2021 ж. 23.08.

Кезекті профилактикалық рейд өткізілді

ҚР Әдеп кодексiнiң нормаларына сәйкес әрбiр мемлекеттiк қызметшi оған сенiп тапсырылған мүлiктi, соның iшiнде қызметтiк автомобильдi тиiмдi, ұтымды және тек қызметтiк мақсатында пайдалануға мiндеттi.

2021 ж. 10.08. әдеп жөнiндегi уәкiлi тарапынан ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментi және Петропавл қаласының ПБ қызметкерлерiмен бiрлесiп, қызметтiк автомобильдi жұмыстан тыс уақытта пайдаланудың жолын кесу үшiн кезектi профилактикалық рейд жүргiздi. Рейд барысында облыс әкiмдiгiнiң кейбiр басқармаларында қызметтiк автомашинаны ұтымды пайдалану туралы заңнама нормалары әрдайым қолданыла бермейтiндiгi анықталды. Бұзушыларға қатысты тәртiптiк ден қою шаралары қабылданды. Мұндай профилактикалық iс-шаралар өткiзудiң мақсаты бұзушылық фактiлерi бойынша кiнәлi адамдарды жазалау болып табылмайды (алайда онсыз да болмайды). Осы тексерiстердiң шынайы мақсаты Заң нормалары жалпы орындалу үшiн қабылданатындығы, олырды орындау қажеттiлiгi, уәкiлеттi органдар олардың орындалуын бақылап отырғанын жауапты адамдардың назарына жеткiзу болып табылады.

Iлгерiде осыған ұқсас рейдтер жалғастырылады.

2021 ж. 19.07.

Мемлекеттік қызмет туралы

Құрметті оқырман! Бүгінгі мақалам мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілер туралы.

Мемлекет бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің имиджі мен мәртебесін арттыру, жағымды имиджін қалыптастыру қажеттілігіне қатысты мәселеге айрықша көңіл бөліп отыр.

Мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің имидждік саясатымен өзара тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметкердің оң бейнесін қалыптастыруға қойылатын басты ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған.

Әкімдік жүйесінің жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің (ауылдық округтерден облыс әкімдігіне дейін) еңбекақысына бөлек тоқталғым келеді. Осы тақырып бойынша үлкен сенім білдіру үшін Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновтің баяндамасынан үзінді келтірген орынды болады: "...Әрқашан бастапқысы не? — мемлекеттік қызметшінің адалдығы ма немесе оның жалақысы ма деген сұрақ туындайды. Егер қазір: "Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын көтерейік» — десек, онда: "Оларға еңбекақысын көбейтеді, ал олар бәрібір адал болмайды, бұл тек қосымша шығын, ал жағдай өзгермейді» — деп, халықтың көпшілігі шу көтереді. Екінші жағынан, егер мұны жасамаса, онда біз осы мемлекеттік қызметшілерді өзіміз итермелейміз (адал емес әрекеттерге — Ескерт.). Президент мемлекеттік аппараттың жаңартылуы туралы айтты. Мүмкін, осы жаңарту шеңберінде еңбекақы төлеу жүйесін өзгертудің, орташа және төмен деңгейде құзыретті кадрлардың болуы есебінен мемлекеттік аппаратты барынша жаңартудың, оларды барынша ілгері жылжытудың мәні бар. Өңірлерде еңбекақы төлеу өте төмен деңгейде. Тіпті астананың өзінде қарапайым мемлекеттік органдарда еңбекақы — 100-150 мың теңге, бұл өте аз еңбекақы. 200, 300, 500 мың жалақы алатындардың үлесі шын мәнінде өте аз. Білмеймін, ондайлар 5% бола ма жоқ па....Айтпақшы, бұл жерде лауазымдардың 95% жемқорлық жасамайды, сондықтан қандай да бір мәселені шеше алатын қалған 5% лауазым бәріне кір келтіреді. Бірақ, мемлекеттік қызметшінің барлығы бірге халықтың сенімсіздік ауыртпалығын көтереді. Дәл осы құбылыс шенеуніктердің бәрін жемқор деп санайтынын түсіндіреді, бірақ қоғамымыздын әр азаматында ұры емес, адал шенеуніктер бар бар».

Олжас Құдайбергеновтің сөзін кеңінен аша отырып, мен: еліміздің әрбір тұрғынының кем дегенде бір жақыны немесе туысқаны, досы мемлекеттік қызметші болып табылатынын айта кетер едім. Күнделікті өмірде бірге сөйлесеміз, кездесеміз. Олардың да (мемлекеттік қызметкерлердің) отбасылары, туыстары, достары бар. Бір базарға, бір дүкенге барамыз. Ай сайын, ел тұрғындарының басым көпшілігі сияқты, олар да ипотека, түрлі несиелер және т.б. үшін кезекті төлемдер жасайды.

Мемлекеттік қызметшілер өздерінің басым көпшілігінде қоғамның басқа өкілдерінен ерекшеленбейді деп айтқым келеді. Бүгінгі күні облыс әкімдігі қызметкерлерінің 85% еңбекақысы 90-150 мың теңгені құрайды, ал аудандар мен ауылдық округтерде одан да аз. Дегенмен. «бір құмалақ бір қарын майды бұзады» дейді ғой. Иә, өз дамуының кез келген кезеңіндегі басқа қоғамдағы сияқты, біздің Қазақстанда да мемлекеттік қызметшілер әдеттегі қылмыстарды, сыбайлас жемқорлықтық қылмыстар жасайды және әдеп кодексін бұзады. Бұл басқа нысанда және көріністе бүкіл әлемде және алыста қалған 1 ғасырда да, ХХ ғасырда да болды. Өкінішке орай, қазір де болып жатыр. Уәкілетті органдар қоғам мен мемлекет қызметінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жөнінде үлкен жұмыстар жүргізеді, қажетті профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Оның ішінде, бұл жұмысты Әдеп жөніндегі уәкілдер де жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде құрғақ статистиканы келтірмей-ақ қояйын, бірақ, мемлекеттік қызметшілердің жасаған қылмыстарының саны басқа санаттағы азаматтардың жасаған қылмыстарының санымен салыстырғанда барынша аз екеніне сенімдімін. Бірақта, қандай да бір мемлекеттік қызметші қылмыс жасаса, неге мемлекеттік қызметшілердің барлығы халықтың сенімсіздік ауыртпалығын бірдей көтереді. Барлық жүртшылық бір адамдай бүкіл мемлекеттік қызметшілерді жемқор деп санайды. Кейде әлеуметтік желілерде мемлекеттің экономикалық-ұйымдастырушылық және әлеуметтік қызметін, қоғамдық тәртіпті сақтау және адам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты дөрекі, ашулы пікірлерді оқығаннан кейін, мынадай сұрақтар туындайды: Біреуді сөз қылғанша, өзіңіз қоғам үшін қандай пайдалы жұмыс жасадыңыз? Сіз шын мәнінде өз жұмысыңызда, тұрмысыңызда, отбасы мен достарыңыздың арасында қандай тақуасыз?

Баршаңызды еліміздің одан әрі жетілдірілуі мен дамуының жолдарын бірге іздеуге, біздің қоғамның белсенді және пайдалы мүшелері болуға шақырамын. Билік институттарынан, мемлекеттік қызметтен және біздің елде болып жатқан қоғамның барлық салаларында жақсы жаққа қайта құрылудан қашықтамай, оның белсенді әрі пайдалы қатысушылары болуларыңызды шақырамын. Күнделікті адал, белсенді, жемісті және пайдалы еңбектеріңізбен Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделі мен мәртебесін, мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметтің беделі мен мәртебесін бірге көтерейік.

Соңында айтпақшы болғаным. Осы жылғы шілде айының басында әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметкерге қойылатын критерийлер негізінде әрбір ұжымда ең үздік мемлекеттік қызметкерді анықтау мақсатында, облыс әкімінің аппараты мен облыс әкімдігінің барлық мемлекеттік органдарында анонимді сауалнама өткізді. Ұжымдағы үздік қызметкерді анықтау әдеттегі ресми конкурс әдісімен емес, жұмыстағы әріптестердің, соның ішінде әр мемлекеттік орган басшылығының құпия дауыс беруімен анықталғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерді ынталандыру жеңімпаздың да, басқа мемлекеттік қызметкерлердің де құлшынысы мен жауапкершілігін қалыпты түрде нығайта түседі.

Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша келесілер «Үздік мемлекеттік қызметкер» атағына ие жеңімпаз атанды: облыс әкімінің аппаратында — Синякова Ольга Анатольевна; Байжанов Рүстем Сейітұлы; Тарахтун Анатолий Анатольевич; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында — Шәкенов Адик Радикович; ішкі саясат басқармасында — Садырова Гулмира Жамабайқызы; денсаулық сақтау басқармасында — Иманжанов Нурболат Турмысович; жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында — Рудаков Алексей Александрович; білім басқармасында — Сагитова Шынар Ерсайынқызы; кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында — Қазбеков Бейбут Орманұлы; табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында — Ташымов Ерлан Бекенбайұлы; ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында — Түленов Марат Какенұлы; ветеринария басқармасында — Әшімов Азамат Серғазыұлы; қаржы басқармасында — Садыкова Альфия Фаритовна; экономика басқармасында — Бірлестіков Дәмір Теміржанұлы; жер инспекциясы басқармасында — Донченко Ольга Геннадьевна; дене шынықтыру және спорт басқармасында — Әуғалиева Әлия Канышқызы; энергетика және ТҮКШ басқармасында — Юрченко Игорь Олегович; мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында — Бүркітәлімова Динара Өмрбайқызы; мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында — Сабаганов Мирас Калетович; мемлекеттік сатып алу басқармасында — Ганенко Анджелика Борисовна және Ищанова Әсел Көшербайқызы.

Мемлекеттік орган басшыларына, кадр қызметіне, кандидаттарды жоғары тұрған лауазымға конкурстан тыс негізде жылжыту кезінде, бірінші кезекте жоғарыда аталған жеңімпаздардың кандидатурасын неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу ұсынылды.

СҚО әкімі аппаратының
әдеп жөніндегі уәкілі
С.М.Серікбаев
ж.т. 34-02-17.

2021 ж. 27.04.

ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдері

№ Аты-жөні Мемлекеттік орган атауы Атқарып отырған лауазымы (тағайындалған күні, бұйрық номері) Телефон номері (жұмыс/мобильді) Электрондық мекенжайы
1 Серікбаев Сейілхан Махмұтұлы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, 19.12.2019ж. № 474-ж/қ 87152340217
87025078470
SSerikbaev@sko.kz
2 Әбілқайырова Гүлмира Армияқызы СҚО Айыртау ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 5.07.2017ж. № 26 87153321641
87012221319
airtay-akimat@sko.kz
3 Жұрынтаев Бөгенбай Аралбайұлы
СҚО Ақжар ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 9.07.2019 ж. № 28 87154621708
87015094487
org-otdel251@mail.ru
4 Гонтарь Елена Викторовна СҚО Аққайың ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 3.07.2017 ж. № 49 87153221294
87058901306
E.gontar@sko.gov.kz
5 Тұтқышев Еділ Мейрамұлы СҚО Есіл ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 22.11.2017 ж. № 300 87154321203
87471983096
87776092663
esil-akimat@sko.kz
6 Әубәкіров Санат Амангелдіұлы СҚО Жамбыл ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 01.04.2021 ж. № 71 87154421532
87711069966
Sa.aubakirov@sko.gov.kz 
7 Әріпхан Салтанат Манабайқызы СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 24.11.2017 ж. № 268 87153121242
87776074646
mzhumabaeva-akimat@sko.kz
8 Нұрғалиева Алма Амангелдіқызы СҚО Қызылжар ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 10.01.2017 ж. № 01 87153821548
87052119587
kyzylzhar-akimat@sko.kz
9 Рамазанова Алмагүл Кәкібайқызы СҚО Мамлют ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары , 6.08.2019 ж. № 33   87154121472
87021675860
maml_sup@sko.gov.kz
10 Анафина Динара Ақанқызы СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 16.03.2018 ж. №10 87153521424
87715344269
gmusrepova-akimat@sko.kz
11 Алданазарова Жанар Ермекқызы СҚО Тайынша ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 30.11.2017 ж. № 661 87153621486
87011059253
87774277856
tainsha-akimat@sko.kz
12 Нұртазина Үмітжан Құрманқызы СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары,   87153721203
87770827466
Timiryazevo-akimat@sko.kz
13 Жауарова Айгүл Зендіқызы СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 8.09.2017 ж. № 128 87154221478
87024216740
ualih-akimat@sko.kz
14 Шәкенов Бағдат Қарақанұлы СҚО Шал ақын ауданы әкімінің аппараты Әкім орынбасары, 20.11.2017 ж. № 228 87153421247
87713757390
shalakyn-akimat@sko.kz
15 Тоқсанов Еркін Жылқыбайұлы СҚО Петропавл қаласы әкімінің аппараты ПБҚ басшысы, 3.07.2017 ж. № 199 87152490257
87751037106
EToksanov@sko.kz

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 6 ай ішіндегі жұмысы туралы

2021 ж. 10.02.

Облыс әкімі аппаратының мен облыс басқармалардың тиімділігін бағалауға арналған онлайн-сауалнама

Құрметтi сайтқа кiрушiлер! Сiздерге өңiрiмiздiң бей-жай емес және белсендi азаматы ретiнде сiздерге өтiнiш бiлдiремiн. Бiзге Сiздiң Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының және облыс әкiмдiгiнiң мемлекеттiк органдарының қызметi туралы ойыңызды бiлу өте маңызды. Сауалнаманы толтырған кезде сұрақтарды және олардың түсiндiрмелерiн мұқият оқыңыз. Ұсынылған нұсқалардың сiздiң ойыңызша сәйкес келетiн нұсқасын таңдаңыз және белгiлеңiз, сондай-ақ өз жауабыңыздың нұсқасын ұсыну мүмкiндiгiн пайдаланыңыз.

Сiздiң шынайылығыңыз бен әдiлдiгiңiз мемлекеттiк органдар жұмысын бағалауда және жоспарлауда дұрыс қорытынды жасауға көмектеседi.

Онлайн-сауалнама

Сiздi мемлекеттiк органда (облыс әкiмiнiң аппараты, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң басқармалары) әдеп нормаларын сақтау жөнiнде қабылданған шаралар қаншалықты тиiмдi екенiне

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe0UgVuzKLt5zJ8Gec88h4SuyiAwJDqxdDh6JyGytWYRX0wkw/viewform?usp=sf_link

сiлтеме бойынша жауап беруiңiздi сұраймыз

Әдеп жөнiндегi уәкiл
Сейiлхан Махмұтұлы Серiкбаев

2021 ж. 14.01.

Мемлекеттік қызметшінің имиджі

Мемлекеттiк қызмет — мәртебелi мiндет

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының бiрiншi бағытында кәсiби мемлекет аппарат құрудың нақты жолдары көрсетiлген. Оның алғашқы қадамы мемлекеттiк қызметкер қабылдау рәсiмдерiн жаңғыртудан басталады. Оған себеп те жоқ емес. Өйткенi, жоғары кәсiби мемлекеттiк қызмет және басқарудың тиiмдi құрылымын құру iсiндегi мiндеттердi мiнсiз iске асыру — ең алдымен мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiбилiгiне тiкелей байланысты. Оның үстiне бұл мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiн қалыптастыру және нығайту үшiн өте қажет.

Жалпы, мемлекеттiк қызметшi билiктi, өз өкiлеттiктерiн қолдана бiлуi және адал болуы керек. Қызметте өз қамы үшiн емес, мемлекет игiлiгiне еңбек етуi, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы, заң талаптарымен толық сәйкестiкте өмiр сүруi, кез келген орында, лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елiнiң азаматтарының сенiмiн жоғалтпай жұмыс iстеуi, әдiлдiктiң, қарапайымдылықтың үлгiсi болып, адамдар арасында өзiн ұстай бiлуi, ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына бiлудi үйренуi, өз қызметкерлерiнен талап етiп отырғанын өзi орындай бiлуi қажет. Бұл — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткен, елдi тиiмдi басқару үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң бойында болуы тиiс негiзгi қасиеттер. Әрбiр қызметшi елдiк мүддеге адал болғаны ләзiм. Мәселен, мемлекет мүддесiне нұқсан келiп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерiн көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы тиiс. Жоғары моральдық жауапкершiлiк, кәсiби бiлiм, оны тәжiрибеде қолдана бiлу, әдiлдiк, адалдық, белсендi өмiрлiк позициядан бастау алатын қасиеттер — осы. Мемлекеттiк қызметтегi әрбiр адам өз жұмысының маңыздылығын сезiне бiлгенi жөн.

Мемлекеттiк қызмет үшiн беделдiң функционалдық және мәртебелiк маңызы бар. Ол — халықтың және мемлекетпен жүргiзiлетiн басқарушылық қызметтiң тиiмдiлiгiн бағалау және сенiмдiлiк деңгейiнiң басты көрсеткiштерi. Мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiн қалыптастыру — атқарушы билiктiң имидждiк саясатымен тығыз байланысты болатыны да, сондықтан.

Мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiне ұсынылатын негiзгi қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiнде (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары) көрiнiс тапқан. Онда: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды»,– деп нақты жазылған.

Мемлекеттiк қызметшi болу — зор құрмет және абыройлы мiндет. Сондықтан, қызметшiнiң кәсiби бiлiктiлiгi жоғары болуы тиiс және жоғары адамгершiлiк қасиеттерге ие болған абзал. Әсiресе, қазiргiдей жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркiндiгi туған шақта бұған баса көңiл бөлген жөн. Себебi, бiр терiс қылық жасап, шалыс қадам басса, ол сол сәтте әлеуметтiк желi арқылы қалың бұқараға әшкере болуы мүмкiн. Ал бұл мемлекеттiк қызметшiнiң имиджiн былғап, халықтың сенiмiн азайтады. Мемлекеттiк қызметшi болуға үмiткер адамдар халық алдында жауапкершiлiктi сезiне бiлсе, мемлекеттiк қызметтiң беделiн көтеруге үлес қосады.

Мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектiлердi көздейдi. Ол — қиын және ұзақ үрдiс. Мемлекеттiк қызметкердiң жұмысы мен өзiн-өзi ұстауы жұрттың көз алдында. Сондықтан оның беделi — мемлекет беделi деуге болады. Мемлекеттiк қызметкерлердiң және жалпы билiктегi мемлекеттiк орган басшыларының жұмысына қарап халық билiкке баға бередi. Осыдан-ақ мемлекеттiк қызметкерлерге жүктелген жауапкершiлiктiң үлкендiгiн байқай аласыз.

Мемлекеттiк қызметшiнiң басты мiндетi — халыққа адал қызмет ету. Оны ешуақытта ұмытуға болмайды. Мемлекеттiк қызметке келгендердiң барлығы қарапайым халыққа қызмет ететiнiн есте сақтауы керек. Оның негiзгi қызметi — халықтың игiлiгiне жұмыс жасап, елге қолайлы жағдай туғызу. Мемлекеттiк органға шағымданған, жүгiнген кез келген адам, мемлекет көрсетуге тиiстi қызметтiң барлығын еш кедергiсiз, дер кезiнде және сапалы түрде алуы тиiс. Президент Н.Назарбаевтың: «Мемлекеттiк қызметке бiз жұмыс iстеу үшiн шақырамыз. Себебi, халқымыз бiздi өзiне жұмыс iстеу үшiн жалдайды. Сондықтан, бiз өзiмiздiң халықтың қызметшiсi екенiмiздi ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр iсте әдiл болып, әрбiр адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсiнiп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсiндiрiп, дұрыс жауап берiп, шығарып салу — бiздiң парызымыз. Сонда әкiмшiлiк те, мемлекеттiк қызметкерлер де халыққа жақын болады», — деген сөзi атқарушы органдар басшыларының көкейiнде тұруы қажет.

Серiкбаев Сейiлхан
облыс әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiлi

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілінің 2020 жыл 12 ай барысындағы жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі, уәкілінің 2020 жыл 6 ай бойынша

Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдары әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2020 жыл бірінші тоқсанындағы жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдары әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2019 жыл барысындағы жұмысы туралы

https://www.facebook.com/a.zhayilganova/posts/3040276282726188

Әдептілік стандарты жоғары қоғам жолында: сіз адамдармен және адамдар үшін жұмыс жасайсыз

«Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауы өтеді

Мемлекеттiк қызмет туралы

Бүгiн мен мемлекеттiк қызмет және мемлекеттiк қызметшiлер туралы тақырыптағы өз жарияланымымды жалғастырамын.

«Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориясы» студенттiк пәнiнен мемлекеттiлiктiң атрибуттары: халықты аумақтық қағида бойынша бөлу және ұйымдастыру; егемендiк, яғни мемлекет аумағында басқа мемлекеттерден тәуелсiз бiрыңғай билiктiң болуы; мемлекеттi басқаруға маманданған адамдар тобының, сондай-ақ оның шешiмдерiн орындауға мәжбүрлеудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк билiк органдары мен мекемелерiнiң болуы (соның iшiнде армия, полиция және т.б.). Мемлекеттiк аппараттың жұмысын қамтамасыз етудi қоса алғанда, олардан алынатын қаражат мемлекеттiң өз функцияларын орындауына жұмсалатын салықтар, баждар және өзге де алымдар; мемлекеттiң бүкiл аумағында барлық халық үшiн орындауға мiндеттi заңдар мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға айрықша құқық болып табылатыны бiзге мәлiм.

Мемлекеттiң жалпыланған мақсаты Заңның үстемдiгiн орнату, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, барлық мүмкiн болатын қоғамдық күштер арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңiлдету мен еңсеру жолдарын iздеу, қоғамның түрлi жiктерi арасындағы әлеуметтiк ымыраға келу болып табылады. Мемлекеттiң негiзгi функцияларының қатарына экономикалық-ұйымдастырушылық және әлеуметтiк функциялар, қоғамдық тәртiптi қорғау және адам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету функциялары жатады.

Әлеуметтiк функция бiлiм беру, ғылым, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту, халықтың осал жiгiн әлеуметтiк қорғау, демографиялық саясат және т.б. салаларды қамтиды. Мемлекет әлеуметтiк қайшылықтарды жеңiлдетудi, материалдық көмекке нақты мұқтаж адамдарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi.

Қоғамдық тәртiптi сақтау және адам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету функциясы заңдылықты, құқықтық тәртiптi, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, олардың меншiгiн қорғаудан, сондай-ақ өзiнiң аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуден тұрады. Мемлекет құқықтық жүйенiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi, қылмыспен күреседi, қоғамдағы түрлi жанжалдарды шешуге ықпал етедi.

Бiздiң елiмiзде жергiлiктi, орталық және аумақтық атқарушы органдар қызметкерлерiнiң басым көпшiлiгi; құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады. Яғни, мемлекеттiк қызметшiлерге экономикалық-ұйымдастырушылық және әлеуметтiк функцияларды жүзеге асыру мiндетi, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау және адам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету функциялары жүктелген.

Жоғарыда аталған барлық белгiлi постулаттарды сипаттай отырып, оқырманға, бiрiншiден, қоғам мен мемлекет институттарының қалыпты жұмыс iстеуi үшiн азаматтардың өз мемлекетiне қызмет етуiнiң маңыздылығын, мәндiлiгiн және қажеттiлiгiн, өз елiнiң шынайы патриоты болуды жеткiзгiм келедi. Екiншiден, Отанға қызмет ету, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшi болу бұл қызметте және тұрмыста көптеген шектеулерi бар өте құрметтi де жауапты ауыртпалық, олар мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңмен, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiнiң әдеп кодексiмен нақты регламенттелген.

Әкiмдiк жүйесiнiң жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк қызметшiлерiнiң (ауылдық округтерден облыс әкiмдiгiне дейiн) еңбекақысына бөлек тоқталғым келедi. Осы тақырып бойынша үлкен сенiм бiлдiру үшiн Президенттiң штаттан тыс кеңесшiсi Олжас Құдайбергеновтiң баяндамасынан үзiндi келтiрген орынды болады: «…Әрқашан бастапқысы не? — мемлекеттiк қызметшiнiң адалдығы ма немесе оның жалақысы ма деген сұрақ туындайды. Егер қазiр: «Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақысын көтерейiк» — десек, онда: «Оларға еңбекақысын көбейтедi, ал олар бәрiбiр адал болмайды, бұл тек қосымша шығын, ал жағдай өзгермейдi» — деп, халықтың көпшiлiгi шу көтередi. Екiншi жағынан, егер мұны жасамаса, онда бiз осы мемлекеттiк қызметшiлердi өзiмiз итермелеймiз (адал емес әрекеттерге — Ескерт.). Президент мемлекеттiк аппараттың жаңартылуы туралы айтты. Мүмкiн, осы жаңарту шеңберiнде еңбекақы төлеу жүйесiн өзгертудiң, орташа және төмен деңгейде құзыреттi кадрлардың болуы есебiнен мемлекеттiк аппаратты барынша жаңартудың, оларды барынша iлгерi жылжытудың мәнi бар. Өңiрлерде еңбекақы төлеу өте төмен деңгейде. Тiптi астананың өзiнде қарапайым мемлекеттiк органдарда еңбекақы-100-150 мың теңге, бұл өте аз еңбекақы. 200, 300, 500 мың жалақы алатындардың үлесi шын мәнiнде өте аз. Бiлмеймiн, ондайлар 5% бола ма жоқ па….Айтпақшы, бұл жерде лауазымдардың 95% жемқорлық жасамайды, сондықтан қандай да бiр мәселенi шеше алатын қалған 5% лауазым бәрiне кiр келтiредi. Бiрақ, мемлекеттiк қызметшiнiң барлығы бiрге халықтың сенiмсiздiк ауыртпалығын көтередi. Дәл осы құбылыс шенеунiктердiң бәрiн жемқор деп санайтынын түсiндiредi, бiрақ қоғамымыздын әр азаматында ұры емес, адал шенеунiктер бар бар».

Олжас Құдайбергеновтiң сөзiн кеңiнен аша отырып, мен: елiмiздiң әрбiр тұрғынының кем дегенде бiр жақыны немесе туысқаны, досы мемлекеттiк қызметшi болып табылатынын айта кетер едiм. Күнделiктi өмiрде бiрге сөйлесемiз, кездесемiз. Олардың да (мемлекеттiк қызметкерлердiң) отбасылары, туыстары, достары бар. Бiр базарға, бiр дүкенге барамыз. Ай сайын, ел тұрғындарының басым көпшiлiгi сияқты, олар да ипотека, түрлi несиелер және т.б. үшiн кезектi төлемдер жасайды.

Мемлекеттiк қызметшiлер өздерiнiң басым көпшiлiгiнде қоғамның басқа өкiлдерiнен ерекшеленбейдi деп айтқым келедi.

Бүгiнгi күнi облыс әкiмдiгi қызметкерлерiнiң 85% еңбекақысы 90-150 мың теңгенi құрайды, ал аудандар мен ауылдық округтерде одан да аз.

Дегенмен. «бiр құмалақ бiр қарын майды бұзады» дейдi ғой. Иә, өз дамуының кез келген кезеңiндегi басқа қоғамдағы сияқты, бiздiң Қазақстанда да мемлекеттiк қызметшiлер әдеттегi қылмыстарды, сыбайлас жемқорлықтық қылмыстар жасайды және әдеп кодексiн бұзады.

Бұл басқа нысанда және көрiнiсте бүкiл әлемде және алыста қалған 1 ғасырда да, ХХ ғасырда да болды. Өкiнiшке орай, қазiр де болып жатыр. Уәкiлеттi органдар қоғам мен мемлекет қызметiнiң барлық салаларында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы күрес жөнiнде үлкен жұмыстар жүргiзедi, қажеттi профилактикалық жұмыстар жүргiзедi. Оның iшiнде, бұл жұмысты Әдеп жөнiндегi уәкiлдер де жүргiзiп жатырмыз. Бұл жерде құрғақ статистиканы келтiрмей-ақ қояйын, бiрақ, мемлекеттiк қызметшiлердiң жасаған қылмыстарының саны басқа санаттағы азаматтардың жасаған қылмыстарының санымен салыстырғанда барынша аз екенiне сенiмдiмiн.

Бiрақта, қандай да бiр мемлекеттiк қызметшi қылмыс жасаса, неге мемлекеттiк қызметшiлердiң барлығы халықтың сенiмсiздiк ауыртпалығын бiрдей көтередi. Барлық жүртшылық бiр адамдай бүкiл мемлекеттiк қызметшiлердi жемқор деп санайды. Кейде әлеуметтiк желiлерде мемлекеттiң экономикалық-ұйымдастырушылық және әлеуметтiк қызметiн, қоғамдық тәртiптi сақтау және адам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қатысты дөрекi, ашулы пiкiрлердi оқығаннан кейiн, мынадай сұрақтар туындайды: Бiреудi сөз қылғанша, өзiңiз қоғам үшiн қандай пайдалы жұмыс жасадыңыз? Сiз шын мәнiнде өз жұмысыңызда, тұрмысыңызда, отбасы мен достарыңыздың арасында қандай тақуасыз? Пiкiр жазбас бұрын, мына сөздердi еске алған дұрыс болмас па едi: Бiреуге ор қазба, өзiң түсерсiң. Жұртты сөз қылмаңыз, өзiңiз сөзге қаласыз. Бiреудiң жамандығын сөз қылғанша, өз жамандығыңды көрсеңшi».

Егер елде мемлекеттiлiктiң атрибуттары болмаса (ол туралы мақала басында жазып кеткем), жергiлiктi, орталық, аумақтық атқарушы органдар болмаса, құқық қорғау органдары, билiк құрылымдары және т.б. болмаса не болар едi. Ойлап қараңызшы: егер ең болмағанда бiр күн республиканың барлық жолдары, елiмiздiң барлық қалалары, жол полицейлерсiз қалса не болар едi. Хаос, үкiметсiздiк және шектен шыққандық болады. Қоғамда күштiнiң билiгi мен табиғат заңы бойынша күштiнiң өмiр сүру заңы орнайды. Әдiлдiк пен әлеуметтiк қорғаныс iздеп ешқайда жүгiне алмайсың, азаматтар өзiнiң өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарына қылмыстық қол сұғушылықтан құтқаруға ешкiмнен көмек сұрай алмайды.

Баршаңызды елiмiздiң одан әрi жетiлдiрiлуi мен дамуының жолдарын бiрге iздеуге, бiздiң қоғамның белсендi және пайдалы мүшелерi болуға шақырамын. Билiк институттарынан, мемлекеттiк қызметтен және бiздiң елде болып жатқан қоғамның барлық салаларында жақсы жаққа қайта құрылудан қашықтамай, оның белсендi әрi пайдалы қатысушылары болуларыңызды шақырамын. Күнделiктi адал, белсендi, жемiстi және пайдалы еңбектерiңiзбен Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделi мен мәртебесiн, мемлекеттiк билiк пен мемлекеттiк қызметтiң беделi мен мәртебесiн бiрге көтерейiк.

Елiмiздiң Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзiмен жарияланымымды аяқтағым келедi: «Жалпы мен әр салада ротацияның болғанын қолдаймын. Бiз «жоғалған ұрпақ» туралы әңгiме болмас үшiн кадрларды жаңартуымыз керек. Шын мәнiнде бiлiмдi, кәсiби даярланған, патриоттық сезiмi бар, психикалық жағынан барабар жастар, сондай-ақ орта жастағы адамдар мемлекеттiк билiк жүйесiн алмастыруы тиiс. Яғни оларды мемлекеттiк билiк жүйесiне тарту керек. Бұл Парламентте, Үкiметте, әкiмдiктерде және т.б. болуы мүмкiн.».

«Мен жаңа таланттарды iздеуге шақырамын, мемлекеттiк билiк жүйесiнде, мемлекеттiк қызмет жүйесiнде олардың таланттарын пайдалану үшiн кәсiби даярланған, патриоттық сезiмi бар адамдарды iздеуге шақырамын. Қазiр бiз мемлекеттiк қызметтi реформалау, жаңа деңгейдегi, сапалы жаңа деңгейдегi мемлекеттiк аппарат құратынымыз туралы айта аламыз. Әрине, ол үшiн бiзге жаңа адамдар қажет болады».

СҚО әкiмi аппаратының
әдеп жөнiндегi уәкiлi
С.М.Серiкбаев

Мемлекеттiк қызметке орналасу қағидаларына енгiзiлген жаңалықтар

Жас тәуелсiз мемлекетiмiздi әлеуметтiк-экономикалық дамытуды жақсарту, қоғамда заңдылық пен құқықтық мәдениеттi нығайту шаралары бойынша мемлекеттiк қызметке орналасуға ниет бiлдiргендерге күннен-күнге ашық және қол жетiмдi болып жатыр. Мемлекеттiк қызметке «ағашкалардың» және басқа да «жақын» адамдардың қолдауынсыз орналасу, әсiресе жоғары оқу орындарын тамамдағанан кейiн жастарға өте қиын болған кез алыста қалды.

Ашықтық пен қол жетiмдiлiктiң үлгiсi ретiнде 2020 жылғы мамырда мемлекеттiк қызметке орналасу қағидаларына енгiзiлген жаңалықтар куә болады, ол туралы ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Анар Жайылғанова хабарлады.

Бiрiншiден, қолданыстағы ережелер бойынша үмiткерлер байқауларға қажеттiлiк бойынша үйден шықпай-ақ қатыса алады. Ол үшiн құжаттарды электрондық пошта арқылы тапсыруға мүмкiндiк берiлдi, яғни бұрын талап етiлгендей, мемлекеттiк органға құжаттардың қағаз нұсқаларын әкелу қажеттiлiгi жойылды.

Сонымен қатар, әңгiмелесуден өту үшiн кандидаттың мемлекеттiк органға келуi қажет емес. Осылайша, түзетулерге сәйкес әңгiмелесу қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.

Екiншiден, бұрын мемлекеттiк қызметке орналасу бойынша конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер конкурс қорытындысына қарамастан толық құжаттар тiзiмiн дайындау қажет болатын. Ендi конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер өз өтiнiшiне тек екi құжатты: дипломның көшiрмесiн және қызметтiк тiзiмнiң көшiрмесiн қоса ұсынады. Қалған талап етiлетiн құжаттарды конкурстық комиссияның оң шешiмiн алған кандидат ғана тапсырады.

Үшiншiден, Агенттiк конкурстық рәсiмдердiң ашықтығын одан әрi арттыруға бағытталған түзетулер қабылдады. Осылайша, соңғы түзетулерге сәйкес, конкурсқа қатыса алатын әлеуеттi бақылаушылар қатары барынша кеңейтiлдi. Бұған дейiн бақылаушылар тобына депутаттар, БАҚ, қоғамдық бiрлестiктердiң, саяси партиялардың өкiлдерi, Агенттiк және өзге де мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi кiрдi. Ендi әрбiр кәмелет жасқа толған әрекетке қабiлеттi азамат бақылаушы бола алады. Бұл үмiткерлерге конкурстық комиссияның хатшысын алдын ала хабардар ете отырып, өзiнiң байқаушысын әңгiмелесуге шақыруға мүмкiндiк бередi.

Төртiншiден, бұрын Комиссия шешiмi дауыс беру жолымен қабылданатын. Мәселен, комиссияның кейбiр мүшелерi конкурстық комиссия мүшелерiнiң бағалауы бойынша басқа кандидаттардан аз балл жинаған кандидатқа дауыс бере алатын.

Соңғы түзетулерге сәйкес, комиссия мүшелерi дауыс беру арқылы лауазымға кандидатты таңдамайды. Конкурстық комиссияның шешiмi бойынша бос лауазымға ең көп балл жинаған кандидат ие бола алады. Бұл ретте, ұпайлар үмiткердiң жауаптарының дұрыстығы мен толықтығын, оның эссесiнiң бағасын, оның тәжiрибесiн, бiлiмi мен коммуникативтiк дағдыларын, лауазымның ерекшелiгiне байланысты қойылатын критерийлердi ескере отырып қойылады.

Бесiншiден, әңгiмелесу конкурс жеңiмпазын таңдау кезiнде жалғыз өлшем болып табылмайды. Сонымен, конкурсқа дейiн үмiткерлер мемлекеттiк тiлдi және заңнаманы бiлуге тестiлеуден, сондай-ақ жеке қасиеттерiн бағалаудан өтедi. Ал «Б» корпусының басшы лауазымына кандидаттар (басқарма басшысы лауазымынан және одан жоғары) бұдан бөлек эссе тапсырады. Сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерiне лауазымның ерекшелiгiне байланысты тиiстi жұмыс дағдылары мен құзыреттiлiгi бар ең үздiк кандидатты таңдау үшiн қосымша iрiктеу құралдарын қолдану құқығы берiлген. Мысалы, конкурстық комиссия үмiткерлерден тиiстi саладағы проблемалар мен оларды шешу мүмкiндiктерi бойынша презентация жасауды, кейстiк немесе практикалық тапсырмаларды шешудi және т.б. сұрай алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға барлық конкурстар қатаң түрде көрсетiлген талаптарға сәйкес өтуi тиiс.

Сондай-ақ «ҚР Мемлекеттiк қызметi туралы» Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi, олар 2019 жылғы 10 желтоқсаннан күшiне ендi. Ендi мемлекеттiк қызметке конкурстық iрiктеусiз бiрқатар шетел ЖОО тамамдаған түлектер және басқа да адамдар қабылдануы мүмкiн. Қазiр заңнамаға өзгерiстер енгiзу аясында жетекшi шетел ЖОО түлектерiн, сондай-ақ халықаралық, трансұлттық және шетел компанияларында жұмыс тәжiрибесi бар адамдарды, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң басшыларын мемлекеттiк қызметке конкурстан тыс тағайындау мүмкiндiгi пайда болды» деп нақтылады ол. Қайта мемлекеттiк қызметке орналасып жатқан адамдарға, бұрын олардың қызметiн бағалау қорытындысы, сынақ мерзiмi, аттестаттау қорытындысы не терiс мотивтер бойынша жұмыстан босатылғандарды қоспағанда, сынақ мерзiмi алынып тасталды. Сынақ мерзiмi кандидаттың лауазымдық мiндеттерiн орындау мүмкiндiгiн айқындау үшiн берiледi. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметiшлердiң әдебiн күшейту мақсатында ауысу тәртiбiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiде қызметтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде iшкi конкурс қорытындысы бойынша қызметке орналасуға шектеу енгiзiледi. Қол астындағы қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн басшылардың жеке жауапкершiлiгi енгiзiлдi. Бұл норма заңға Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың тiкелей тапсырмасы бойынша енгiзiлдi. Бұдан былай саяси мемлекеттiк қызметшiлер, олар министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы әне Шымкент қалаларының әкiмдерi мен әкiм орынбасарлары, аудандар әкiмдерi олардың тiкелей басқарып отырған қызметкерi сыбайлас жемқорлықтық қылық жасаған жағдайда отставкаға беруге мiндеттi. Заңнамаға енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес бiрiншi басшы соттың айыптау үкiмi күшiне енгеннен не оның тiкелей басқарып отырған қызметкерiне қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн iшiнде отставкаға беруге мiндеттi.

СҚО әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiлi
Серiкбаев Сейiлхан Махмұтұлы

Мемлекеттiк қызмет туралы заңға өзгерiстер

26.11.2019 ж. «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қосымша өзгерiстер енгiзiлдi. Олар құқық қолдану практикасы барысында анықталған жекелеген олқылықтар мен қайшылықтарды жояды.

Әдеп нормаларын бұзғаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында мемлекеттiк қызметшiде қызметтiк әдептi бұзғаны үшiн алынбаған жазасы болған кезде ауысу тәртiбiнде не конкурстық iрiктеу нәтижесi бойынша мемлекеттiк лауазымға орналасуға тыйым белгiленген.

Қазiргi кезде осыған ұқсас шектеу мемлекеттiк қызметтiң беделiн түсiретiн құқық бұзушылық жасаған адамдар үшiн әрекет ететiнiн атап өту керек. Сонымен бiрге, уақытша бос орынға төмендету түрiнде тәртiптiк жаза салу мүмкiндiгi алынып тасталады.

Одан басқа, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк орган қызметiнiң бейiнi бойынша өзге де бiлiм беру ұйымдарында бiлiктiлiгiн арттыру мүмкiндiгi қарастырылады. Бұрын мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау тек мемлекеттiк қызмет академиясында жүзеге асырылған.

Сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби және басқарушылық тәжiрибесiн тиiмдi пайдалану үшiн саяси қызметшiлердi ауыстыру енгiзiлдi. Бұрын ауыстыру тек әкiмшiлiк қызметшiлерге қолданылған.

Жалпы Заңнан конкурстық рәсiмдердi жетiлдiру, кадр мәселелерiн шешуде мемлекеттiк органдардың мобильдiлiгiн арттыру, мүмкiн болатын кадр тапшылығы тәуекелiн төмендету және мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғауды арттыру күтiлуде.

Бүгiнгi күнi 2020 жылғы 20 қаңтардан «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым орнына, жаңадан құрылған және/немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органдарды қоспағанда, жалпы конкурс жариялауға 2021 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмге мораторий енгiзу жөнiндегi ҚР Президентi Жарлығының жобасы талқыланып жатыр.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуiрден мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк қызметшiлер санын, еңбек заңнамасына сәйкес Адам құқығы жөнiндегi ұлттық орталықты, ауылдар мен ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараты, Қорғаныс министрлiгi, Конституциялық кеңес және қосымшаға сәйкес басқа органдарды қоспағанда 5 процентке қысқарту қарастырылады.

Әдеп жөнiндегi уәкiл өкiлеттiгi

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң мiндеттерi мен функциялық мiндеттемелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015.29.12. Жарлығымен бекiтiлген Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ережеде айқындалған. Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметi мемлекеттiк қызметкерлердiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» ҚР 2015.23.11. Заңын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР 2015.18.11. Заңын сақтауына ықпал етуге бағытталған.

ҚР Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» ұлт жоспарында Әдеп жөнiндегi уәкiл институтын дамытудың негiзгi серпiнi берiлдi.

Басты функция: мемлекеттiк қызметкерлер арасындағы консультативтiк және түсiндiру жұмысы, сыбайлас жемқорлық және әдеп құқық бұзушылығының, мүдделер қақтығысының профилактикасы және оның алдын алу жұмысы, әдеп нормасын сақтауды бақылау және өтiнiштердi қарау.

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметiнiң барлығы мемлекеттiк қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық, лауазымдық құқық бұзушылығының профилактикасы және оның алдын алуға, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiк қызметкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға, мүдделер қақтығысымен байланысты қатердi барынша азайтуға, мемлекеттiк қызметке, тұтастай алғанда, мемлекетке деген қоғам сенiмiн арттыруға, кәсiби және тиiмдi мемлекеттiк аппарат қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.

Дата публикации
08 июля 2022
Дата обновления
08 июля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы