Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шара қорытындысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) 2021 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудиторлық іс-шара барысында бұзушылықтар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде жыл соңында бюджет қаражатын игеру мақсатында ең көп бұзушылыққа жол берген; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша шара қабылдамаған; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылыққа жол берген; ЖЖМ негізсіз есептен шығарған; мемлекеттік сатып алу № 434 Заңды бұза отырып жүзеге асырылған, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бұзуға жол берілген.

2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207 және 238-баптарында көзделген мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекетінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің фактісі бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті орган – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

Анықталған бұзушылықтардың себептері қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткілікті білмеу, аудит объектісінің лауазымды адамдары тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуын жеткіліксіз бақыламауы болды. Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы тиіс. Мекеме қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарына жіберіп отыруы керек.

Дата публикации
23 января 2025
Дата обновления
23 января 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы