Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 4-тоқсанына ішкі бақылау есебіне аналитикалық жазба

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес  2024 жылдың  қыркүйектің 4  күні бойынша өзгерістермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 178 түрін (281 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін ескере отырып) көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен келесі жұмыстар жүргізілді.

 

Бақылау іс-шаралары

Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 68 БШ өткізілді. 

Объектілер саны 68 (ЖАО -50, ведомстволық бағынысты ұйымдар -18). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 350 фактісі анықталды, оның ішінде:

Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан сарапшыларды тарта отырып, бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 16 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 94 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні -71 орындалды.   

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

4-тоқсанда барлығы 2 093 883, оның ішінде қағаз түрінде 131 (мемлекеттік орган), баламалы қызметтер 3225 (мемлекеттік орган), электрондық түрде  (көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінбей-ақ көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы – 469 368, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы – 1 538 681, «электрондық үкімет» порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы – 77152, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 5326. 

Қағаз түріндегі бас тарту саны 25 құрады.

Тізілімге сәйкес ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы ғана көрсетілетін, бірақ ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметтер (Қолдау,Кезекте БКП, Мекенжай тіркелімі) «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер ретінде есепке алынды, бұл жүйелердің ХҚКО БАЖ-мен интеграциялануына байланысты мониторинг, ХҚКО БАЖ-мен интеграциялануын жүргізу қажет ОМО.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерді бұзу

Өткізілетін бақылау іс-шаралары шеңберінде мерзімнің бұзылуы  барлығы 350 анықталған, оның ішінде  мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімі бұзуы-1. 

 

Ақпараттық жүйелерден түсіруді пысықтау қорытындысы бойынша

Ай сайын облыс әкімдігі ҚРМҚІА-мен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ мәліметтері бойынша ұсынылатын ақпараттық жүйелерде жіберілген мерзімдер бойынша статистикалық деректерді пысықтайды бұзушылықтар анықталған жоқ. Ай сайын облыс әкімдігі СҚО бойынша АГС-пен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ мәліметтері бойынша ұсынылатын ақпараттық жүйелерде рұқсат етілген мерзімдер бойынша статистикалық деректерді пысықтайды.  

Мониторинг барасында мемлекеттік  қызметтер көрсету мемлекеттік туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сапасыз жауап беру бұзылды келесі қызметтер бойынша: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».

 

Шағымдар

Электрондық мекенжай бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар www.1414.kz, жоқ.

Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына негізделген шағымдар түскен жоқ.

 

Түсіндіру іс-шаралары, біліктілікті арттыру курстары

4 тоқсанда барлығы 3603-тен астам осындай іс-шаралар өткізілді. 

Мемлекеттік қызметтер саласындағы біліктілікті арттыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатарынан 55 адам оқытудан өтті.  

           

Мемлекеттік қызметтер мониторингі шеңберінде осы салада келесі анықталды:

I.«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша "Otbasybank.kz" Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында көрсетілетін қызметті беруші қалыптастырған барлық іс-әрекеттер мен құжаттарды сақтау бойынша түзетулер енгізу.

II. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметті проактивті форматта көрсету, яғни отбасына АӘК тағайындау кезінде отбасының әрбір мүшесінің ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) "Атаулы әлеуметтік көмек алушы" мәртебесін белгілеу ұсынылады. Мәселен, деректерді сұрату үшін қандай да бір ақпараттық жүйеге ЖСН енгізген кезде азаматтың АӘК алушылар болып табылатындығы туралы мәліметтер автоматты түрде көрсетіледі. "Әлеуметтік көмек" АЖ және "Азаматтарды тіркеу" АЖ интеграциясы арқылы.

III. «Жалпы жинау мен өнімділік» анықтмасын көрсетлетін мемлекеттік қызмттер тізілімне енгізу. Қызмет алушылардың ыңғайы үшін көрсету мерзімі анық, электронды форматта  көрсету  ұсынылады.

IV «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар)
6-тармағына сәйкес аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті білім және денсаулық сақтау органдары арқылы кәмелетке толмағандарға қатысты, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары арқылы мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Қағидаларда әрекетке қабілетсіз кәмелетке толғандарға қатысты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органының функциясы жоқ, өйткені Қағидалардың 7-тармағының 18) тармақшасында ғана әрекетке қабілетсіз кәмелетке толғандарға қатысты іс-әрекеттер көрсетілген, кәмелетке толмағандар мен кәмелетке толғандардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Кәмелетке толмаған әрекетке қабілетсіз адамдармен жұмыс істеу стандарты, халықты әлеуметтік қорғау органының кәмелетке толмаған әрекетке қабілетсіз адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-әрекеті жоқ.

Ұсыныс енгіземіз: Халықты әлеуметтік қорғау органдары үшін қажетті құжаттар тізбесі бойынша регламенттеуді қамтамасыз ету, осы қызметті көрсету мерзімдерін белгілеу және т.б. үшін осы қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу.

V. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» қағидаларының 14-тармағына сәйкес машиналарды техникалық байқау иесінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі , сондай-ақ 15-тармаққа сәйкес жергілікті атқарушы органның инженер- инспекторы (көрсетілетін қызметті берушінің) машиналарға техникалық байқау жүргізеді.Алайда, техникалық қарап тексеруді жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері пайда болуы мүмкін, өйткені техникалық қарап тексеруді тек инженер - инспектор жүргізеді.

Ұсыныс енгіземіз: «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» қағидаларының 15-тармағына техникалық байқау жүргізу үшін комиссия құру туралы өзгерістер енгізу.

1. «Ақталған адамға куәлік беру»

«Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығымен бекітілген ақталған адамға куәлік беру қағидаларында құжаттар тізбесінде өтініш берушіге 3х4 сантиметр мөлшерінде фотосурет беру көрсетілмеген, алайда ақталған адам куәлігінің үлгісінде фото үшін орын көзделген.

Ұсыныс енгіземіз: «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосуретті ұсыну қажеттілігі енгізілсін.

 

VII. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс  қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) 32 бабының 1 тармағына сәйкес «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында кейбір қызметтері лицензиялауға жатады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензия беру бойынша мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі №175 бұйрығымен бекітілген Қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осылайша, білікті инженерлік-техникалық жұмысшылардың, өндірістік базаның және ең аз материалдық-техникалық қамтамасыз етудің (программалық қамтамасыз ету және техника) болуы лицензия алу үшін негізгі талаптар болып табылады.

Бұл ретте, өндірістік базаның және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жалға алу құқығына жол беруледі.

Сонымен бірге, жүргізілген талдау осы критерийлер формалды екенін көрсетті.

Өтінімдерге бір программалық қамтамасыз етулердің, сондай-ақ бірдей техниканың жалға алу келісімдері қоса беріледі.

 

Осы фактілер консалтингтік компаниялар арқылы келіп түскен өтінімдер бойынша анықталғанын және лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайтынан атап өту қажет.

Инженерлік-техникалық жұмысшылардың ауысуына, өндірістік базаны және ең аз материалдық-техникалық қамтамасыз етулерді жалға алу үшін шектеулі мерзімді қарастыру, сондай-ақ лицензиядан кейінгі бақылауды енгізу қажет деп есептейміз.

VIII. Мәселен, Қазақстан Республикасы Министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (бұдан әрі мәтін бойынша - Қағидалар) «Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұрату кезінде), жер комиссиясының қорытынды дайындауы - 12 (он екі) жұмыс күні ішінде». Жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартуды дайындайды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, жер комиссиясының хаттамалық шешіміне өтініш беруші оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағымдануға болады».

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес «Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі».

Жер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады және жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы алдын ала білу мүмкін емес, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізілетін тыңдау рәсімі бұзылатын болады.

Алайда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес «Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерін сұрату жағдайларын қоспағанда, ол келіп түскен кезден бастап он бес жұмыс күніне дейін құрайды».

Жоғарыда айтылғандарға байланысты осы қызметті қарау мерзімдерін бұзу тәуекелі байқалады.

Жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша мәселе теріс қаралған жағдайларда мерзімдердің бұзылуына жол бермеу мақсатында Қағидаларға өзгерістер енгізуді, атап айтқанда Қағидалардың 2-тарауының 6-тармағының 5) тармақшасын мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «дәлелді бас тартуды дайындау мерзімі жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану мерзімі кезеңіне тоқтатыла тұрады», бұл Қазақстан Республикасының заңнамасындағы құқықтық олқылықтар мен алшақтықтарды түзетуге мүмкіндік береді.

Аталған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу заңнама нормаларын қолдану мен сақтауға үлкен көмек көрсетеді деп ойлаймыз.

Дата публикации
20 января 2025
Дата обновления
20 января 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы