Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) 2022 жылғы1 қаңтардан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудиторлық іс-шара барысында бұзушылықтар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде жыл соңында ең көп бұзушылыққа жол берген, Мекеме бюджет қаражатын игеру мақсатында бекітілген/нақтыланған қаржыландыру жоспарынан тыс 421 «Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру құрылғыларын күрделі жөндеу» спецификасы бойынша міндеттеме қабылдаған; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша шара қабылдамаған; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылыққа жол берген; автомобильдің белгіленген жүріп өту лимиті асырылған; мемлекеттік сатып алу № 434 Заңды бұза отырып жүзеге асырылған, сондай-ақ Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бұзуға жол берілген.
2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207 және 238-баптарында көзделген мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекетінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің фактісі бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті орган – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.
Анықталған бұзушылықтардың себептері қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткілікті білмеу, аудит объектісінің лауазымды адамдары тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуын жеткіліксіз бақыламауы болды. Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, Мекеме бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауды күшейтуі керек. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы тиіс. Мекеме қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарына жіберіп отыруы керек.