2024 жылдың 12 айындағы ақпарат ақпарат
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша қабылданған өзгерістерге сәйкес аудандарда (қалаларда) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында Отбасын қолдау орталықтарын ашу қарастырылған.
Осы норманы іске асыру аясында Орталықтардың қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілді, оларға сәйкес қызметкерлердің минималды штат нормативтері және олардың қызметін жүзеге асыру тәртібі айқындалды.
2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыста 5 Отбасын қолдау орталығы өз қызметін жүзеге асырды: Қызылжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев, Тайынша және Есіл аудандарында.
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 13850,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар екі өнім жеткізушімен (Есіл және Мағжан Жұмабаев аудандары) міндеттерін орындамауына байланысты шарт бұзылды.
Орталықтарды коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында ашуды 2025 жылдан бастап кезең- кезеңмен жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Ерте анықтауға және уақытылы оңалтуды ұйымдастыруға, сондай-ақ отбасыларға, қолайсыз әлеуметтік ортада тәрбиеленетін балаларға көмек көрсетуге бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында, облыс аумағында құрамында білім беру, денсаулық сақтау, прокуратура, ішкі істер органдары, ҮЕҰ қызметкерлері бар зорлық-зомбылық фактілерін ерте анықтау жөніндегі жедел ден қоюдың мобильді топтары құрылды.
Анықтама: 2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мобильді топтармен 1182 үйді аралау жүргізілді, 1291 балалары бар отбасы тексерілді, онда 415 бала өгей әкесімен бірге тұрады (207 қыз, 208 ұл).
Бұдан басқа, интернет-платформада мүдделі мемлекеттік органдардың жедел өзара іс-қимылы үшін чаттар құрылды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң нормаларын зерделеу мақсатында барлық аумақтық ҚАПБ полиция қызметкерлерінің денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру немесе ұрып-соғу туралы қылмыстық істерді тіркеу және тергеу тәртібі бойынша іс-қимыл алгоритмі, сондай-ақ іс жүргізу құжаттарының үлгілері жіберілді.
Заңнама өзгерістерінің заңды күшіне енуімен УПИ мен штаттық анықтаушылардың кезекшілігі тәулік бойы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда Петропавл қ. ПБ 13 участкелік полиция пункті электронды форматта жұмыс істеуге арналған 13 компьютерлік техника жиынтығымен жабдықталған.
Бұдан басқа, е-УД базасы форматында жұмыс істеу үшін 26 жұмыс орнын сатып алуға өтінім қолдау тапты және ақшалай қаражат бөлінді.