Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 1.11-13/12 аудиторлық іс-шараны өткізуге берген тапсармасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының мансап карьерлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы (бұдан әрі - Филиал) 2024 жылғы 01 қаңтардан 31 қазанға дейін алғандағы кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Филиал тарапынан өрескел бұзушылық анықталды, атап айтқанда, сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағаламай өтініш қабылданды, экономикалық мобильдік сертификаты бойынша ақшалай төлем беру туралы негізсіз шешім қабылданды.
Сондай-ақ, қоныс аударушылар Б. К. Омаров, К. М. Сауырбаева, А. О. Мейірбекова, Р. С. Әнәш, Г. А. Баратова, Е. С. Абдазимов, А. В. Фоос, Б. М. Әбубәкір тұрғын үй құнынан 50% мөлшерінде экономикалық мобильдік сертификатын алу үшін сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалау туралы жалған есептер ұсынды.
2024 жылы экономикалық мобильдік сертификаттары бойынша аудиторлық іс-шарамен қамту кезеңінде 13 отбасына жалпы сомасы 43,2 млн. теңге төленді, ал аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша экономикалық мобильдік сертификаты бойынша негізсіз төлем сомасы 22,4 млн. теңгені (51%) құрады, бұл Филиал мен Еңбек мобильдік орталығы тарапынан нашар бақылауға және қанағаттанарлықсыз жұмысқа әкеледі.
Мекемеде анықталған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің фактілері бойынша, атап айтқанда мүгедектігі бар адамдар үшін 52 жеке көмекшінің қызмет көрсетуі үшін жеке көмекшінің немесе мүгедектің өзі (Қазақстан Республикасының шекарасына шығу) нақты болмаған күндері үшін жалпы сомасы 6050,4 мың теңгеге негізсіз ақы төленді, тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы-мемлекеттік аудитор М.К. Есмағамбетов