Меню

Страницы

Статья

Үкіметтік емес ұйымдар

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (ZIP 46 Kb)

ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы туралы

Облыстың үкіметтік емес ұйымдары өз бастамаларын ашық және еркін ілгерілетуге қабілетті азаматтық қоғамның маңызды институты болып табылады. Қысқа мерзім ішінде мемлекет пен үкіметтік емес сектордың берік әріптестік қатынастарының негізі қаланды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы өңірдің өзекті мәселелеріне, сондай-ақ өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының ұсыныстарын жинау жолымен анықталады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 279 млн.теңге сомасына 121 жоба жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдардың коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Консультативтік-кеңесші органның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары кіреді және 50% ҮЕҰ өкілдері құрайды. Отырыс жарты жылда 1 рет өткізіледі.

Ішкі саясат басқармасы азаматтық сектормен өзара іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

Облыста барлығы 432 ҮЕҰ тіркелген, оның ішінде 136 — облыс аудандарында.

Өзара іс-қимылдың салалық қағидатын ескере отырып, мемлекеттік органдар ҮЕҰ-ға қажетті ұйымдастырушылық-техникалық, құқықтық, сондай-ақ консультативтік-әдістемелік көмекті жан-жақты көрсетеді.

Облыстың ҮЕҰ Халықты әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, адам құқықтарын қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту, кедейшілікті, халық арасындағы жұмыссыздықты азайту және тағы басқалар бойынша қызметті жүзеге асырады.

Өңірде белсенді үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде және одан тыс жерлерде, instagram, facebook, vk әлеуметтік желілерде белсенді түрде жариялап отыратын түрлі форматтағы іс-шаралар, семинарлар, қайырымдылық кештерін тұрақты негізде өткізіп тұрады.

Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылын талдау облыстың үкіметтік емес ұйымдары мемлекетте жүргізіліп жатқан реформаларды толық көлемде қолдайтынын, өзекті мәселелер мен міндеттерді шешуге белсенді қатысатынын, мемлекеттік органдармен диалог жүргізуге дайын екенін көрсетеді.

Дата публикации
09 июля 2021
Дата обновления
09 июля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы