Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Өткізілген аудиторлық іс-шара барысында бұзушылықтар анықталды: Мекеме балалардың санын көрсетпей, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін көрсету жөніндегі шарттарды жасау кезінде бұзушылыққа жол берген; аудан мектептерінде білім алушылар саны кепілді бекітілген нормативке сәйкес келмейді; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылыққа жол берілген; табысталған Yutong ZK6745DX автомобильдерінің дизель отыны негізсіз есептен шығарылған; тағам өнімі нормативтен асыра есептен шығарылған; іссапар шығыны бойынша асыра төлем жасалған; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу шарасы қабылданбаған; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу қағидасын бұзуға жол берілген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V кодексінің 207-бабында көзделген мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекетіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтың анықталған белгісі фактісі бойынша тиісті аудиторлық дәлелі бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау үшін уәкілетті орган – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.
Анықталған бұзушылықтың себебі қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткіліксіз білу, аудит объектісінің лауазымды адамдары тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуына жеткілікті бақылаудың болмауы, сондай-ақ уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ тарапынан тиісті бақылаудың болмауы болды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің бас маманы-мемлекеттік аудитор У.Е. Оспанова