2 қазанда Солтүстік Қазақстан облыстық референдум комиссиясының отырысы өтті. Жиынға Солтүстік Қазақстан облыстық референдум комиссиясының мүшелері, аудандық және Петропавл қалалық референдум комиссияларының төрағалары мен өкілетті мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыста 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуде референдум учаскелерін энергиямен, байланыспен қамту, қауіпсіздік пен күзету бойынша қабылданған шаралар туралы есептер тыңдалды және республикалық референдумда учаскелік референдум комиссияларының дауыс беру күніне дайындығы пысықталды.
Облыстық референдум комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев өкілетті ведомвство өкілдеріне, дауыс беру күні барлық жағдайдың жасалуы қажеттігін, жылу, жарық және байланыспен қамтуда келеңсіздіктер болмауын қадағалау керектігін ескертті. Сондай-ақ учаскелердегі өрт қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі де айтылды.