1. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын (оның ішінде:уақытша, тұрақты) құру туралы.
Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, сондай-ақ, жеке бастамаларды іске асыру шеңберінде жылдық жоспардың (13629), 9051 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 66,4%, оның ішінде ауылдық жерлерде — 6503 жұмыс орны.
Құрылған 9051 жұмыс орнының 86,5%-ы немесе 7833-і тұрақты, 1218 жұмыс орны уақытша.
2. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы 515 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылды.
3. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 2021 жылдың басынан бері 389,7 млн. теңге сомасына 675 грант берілді.