Меню

Страницы

Статья

Облыс бюджетінің атқарылуы (2024 жылғы 1-жартыжылдық)

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу.

Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

  1. Кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша облыс бюджеті 2024 жылғы 6 ай жоспарындағы 237 869,7 млн. теңгеден 101,9%-ға атқарылды немесе 242 439,8 млн.теңге түсті. Оның ішінде:

Меншікті кіріс бойынша жоспар 61 886,2 млн.теңге сомасында немесе 104,5% атқарылды (жоспар – 59 199,8 млн. теңге).

Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 55 562,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 32 585,6 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 22 977,2 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 57 871,7 млн.теңге немесе 104,2%, оның ішінде облыстық бюджетке 32 818,7 млн. теңге немесе 100,7%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 25 053,0 млн. теңге немесе 109,0% түсті.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 167 749,4 млн.теңге сомада немесе 98,9% түсті.

  1. 2024 жылғы 1-жартыжылдықта шығыстар бойынша облыс бюджеті 99,9%-ға атқарылды, жоспардағы 241 246,8 млн. теңгеден шығыстар 241 046,4 млн. теңге сомаға жүргізілді. Шығыстар 200,4 млн. теңге сомада игерілмеді.

Білім беру саласы бойынша шығыстар 2024 жылғы 1-жартыжылдықта 86 302,9 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100,0% (жоспар – 86 308,0 млн. теңге).

Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 2 954,6 млн. теңгеден игерілу 2 954,6 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.

 Күрделі жөндеуге 1 846,5 млн. теңге бағытталды, игерілу 1 846,5 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1 509,6 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 100,0 пайызды құрады (жоспар 1 509,7 млн. теңге).

1-кесте

 

 

Денсаулық сақтау бойынша 2024 жылғы 1 шілдедегі шығыстар 3 млрд 434,0 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 100 % (жоспар 3 млрд 434,0 млн. теңге) құрады.

Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы бойынша 2 млрд 386,2 млн. теңге бағытталды, игерілуі 2 млрд 386,2 млн.теңгені немесе 100% құрады.

Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 580,6млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша
160,9 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.

 

2-кесте

 

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 13 593 млн. теңгені немесе жоспардың 99,8 % құрады (жоспар 13 615,1 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 89,8 млн. теңге бағытталды, жоспар 100% пайызға игерілді (жоспар 89,8 млн.теңге).

3-кесте

 

 Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 6 731,1 млн. теңгеден 6 729,4 млн. теңгені немесе 99,8% құрады (4-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 199 млн.теңге немесе жоспардың 100% бағытталды (жоспар 199 млн.теңге).

 

4-кесте

  

Спорт бойынша жоспардағы 7 913,7 млн.теңге 7 899,8 млн. теңге немесе 99,8 % игерілді (5-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 286 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 286 млн. теңге немесе 100%).

 

5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2024 жылғы 1 шілдедегі тұрғын үй салуға шығыстар 4 065, 4 млн. теңгені құрады (игерілу 100%). 2024 жылы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 9 313,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 15 359, 7 млн. теңге бөлінді.

Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2024 ж.01.07 жоспарындағы 1 107,4 млн. теңгеден 1 100,3 млн. теңге немесе 99,4% игерілді.

Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2024 жылғы 1 шілдедегі арналған жоспардағы 13 974,6 млн. теңгеден игерілу 13 959,6 млн.теңгені немесе 99,9% құрады.

Дата публикации
24 сентября 2024
Дата обновления
24 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы