Орталық Референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров инспекциялық сапарлар аясында Солтүстік Қазақстан облысына барды. Ол өңірдің 6 қазанға тағайындалған референдумға дайындығын тексерді. Сапарға Орталық референдум комиссиясы сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі басшысының орынбасары Ольга Захарова қатысты.
Константин Петров алдымен Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық және аудандардағы аумақтық референдум комиссияларының төрағаларымен кездесті. Жиында азаматтардың тізімін нақтылау, референдумды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сайлау кезеңінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстар пысықталды.
Сонымен қатар Петропавл қаласындағы референдум учаскелерін аралап, олардың дайындығымен танысты. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 591 референдум учаскесі жұмыс істейді. Олардың 97 Петропавл қаласында. Облыс бойынша 375 236 дауыс беруші тіркелген. Олардың ішінде мүгедектігі бар 2 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Олардың бәрін ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында 606 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Олардың ішінде 15 аумақтық, 591 учаскелеік комиссиялар. Атап айтар болсақ, референдум комиссияларының 3430 мүшесі бар, 105 аумақтық, 3325 учаскелік комиссияларда. 3-17 қыркүйек аралығында аумақтық референдум комиссияларының мүшеслерін оқыту 100 пайызды құрады. Учаскелік комиссиялардың 1773, яғни 53 пайызы оқытудан өтті.
– Біздің мақсат – өте көп жұмыс атқаратын төменгі буынды оқыту ісімен танысу. Бұл аса маңызды жұмыс. Референдум комиссиясы барлық жайтты ой елегінен өткізіп, істің бүге-шүгесін білуі тиіс. Сондықтан, осындай кездесулер алдын ала ұйымдастырылып жатыр. Біз жер-жердегі комиссиялармен тығыз байланыстамыз. Жалпыхалықтық дауыс берудің заңға сәйкес өту мына залдағы жандарға тікелей байланысты, - деді Константин Петров.
Константин Петров Петропавл қалалық референдум комиссияларын оқытуға арналған тренингке қатысты. Семинар барысында түрлі жағдайлар қаралып, референдум мүшелерінің біліктілігін арттырды.
ОРК Төрағасының орынбасары кездесулерде заңнаманы қатаң сақтау, жасырын дауыс беруді, сайлау процесінің барлық кезеңдерінің жариялылығы мен ашықтықтығын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды.