Сергеевка қаласында Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы Тимирязев және Шал ақын аудандарының аумақтық референдум комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті. Жиынға облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы А. Ж. Сакыпкереев хатшысы С. В. Копнина, мүшелері Л. Б. Гордеева, С. С. Рахымжан қатысты. Семинар барысында республикалық референдум өткізудегі ұйымдастырушылық-өкімдік және ақпараттандыру, жариялау және үгіт жүргізу сұрақтары талқыланды Сондай-ақ, тиісті мәселелер бойынша практикалық сабақтар өткізілді.