Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – Кәсіпорны) 2021 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 30 маусымды қоса кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тиімділігі және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің актілерін сақтау мәселесі бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Кәсіпорын қаржылық және шаруашылық операцияларды жасаған кезде азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылықтардың ең көп санына жол берілді; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылданбады № 434 Заңды бұза отырып, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды.