Әдеп кодексінің 6 б. 8 т. сәйкес, сеніп тапсырылған қызметтік көлік тек қызмет бабында пайдалануға арналған.
Ағымдағы жылдың 19 шілде күні облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі ҚР Мемлекеттік істер агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы полиция басқармасы қызметкерлері жәнеде азаматтық қоғам уәкілдерімен біргелікте облыс орталығында мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік көліктерді дұрыс пайдалануы бойынша профилактикалық бақылау өткізді.
Өткізілген бақылау нәтижесі бойынша барлық мемлекеттік мекемелерге осы бағытта заң талаптарын қатаң сақтау туралы ескертпе хат жолданды.
Қызметтік көліктерді мақсатты пайдалануын тексеру бойынша осындай біргелікті бақылаулар үнемі өткізілетін болады.