12.11.2021 ж.
Шығыстары облыстық бюджет есебінен субсидиялауға жататын Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Шығыстары облыстық бюджет есебінен субсидиялауға жататын Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсты (бұдан әрі - Конкурс) өткізу туралы хабарлайды. Конкурс 2021 жылғы 29 қазан күні сағат 11.00-де Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61 үй, 304 кабинетте өтеді. Конкурсқа маршруттардың мынадай пакеттері шығарылады:
| Маршруттың № | Маршруттың атауы | |
| 1 | Петропавл - Есілкөл | |
| Есілкөл - Петропавл | ||
| 2 | Петропавл - Макушино | |
| Макушино - Петропавл |
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, өзінің және (немесе) сенімгерлік басқарудағы мүліктік жалдауы бар немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамның мүкәммал паркі пайдаланатын кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-не Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61 үй, 308 кабинет мекенжайы бойынша конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінім ұсынады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 28 қазан сағат 10.00-ге дейін.
Анықтама алу үшін 33-11-17, 33-86-95 телефондарына хабарласуға болады.
24.11.2020 ж.
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурс қорытындысының № 2 хаттамасы
13.11.2020 ж.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашудың № 1 хаттамасы
19.10.2020 ж.
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi 2020 жылғы 11 қарашада жергiлiктi уақыт бойынша сағат 15-00-де, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесi, 57 В-үй, 1-қабат, мәжiлiс залы мекенжайында аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс (бұдан әрi — конкурс) өткiзiлетiнi туралы хабарлайды.
Конкурсқа жеке және заңды тұлғалардың қатысуына рұқсат берiледi.
Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген жеке және заңды тұлғаларға конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттаманы беру мерзiмi — 2020 жылғы 10 қараша жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13-00-ге дейiн, мына мекенжай бойынша: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесi, 57 В-үй, 4-қабат, 439-кабинет.
Конкурстық өтiнiмдердi қабылдау мерзiмi — 2020 жылғы 10 қараша, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18-00-ге дейiн.
Конкурсқа қатысу үшiн қажет конкурстық құжаттама www.gov.kz/memleket/entities/sko Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң және www.dpr.sko.gov.kz «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң интернет-ресурстарында орналастырылды.
Анықтамалар мына телефон бойынша: 53-36-35