Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әдістемелік орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Мекеме) 2021 жылғы 01 қаңтардан 2024 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Мекеме әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, облыстың білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесіне ақпараттық технологияларды енгізеді.
Әдістемелік көмек көрсету оқу процесін ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу, сондай-ақ білім беру, мектептерді аттестаттау және педагог қызметкерлерді аттестаттау саласындағы озық тәжірибені тарату мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Мекеме білім беру ұйымдарындағы білім беру сапасының, оқу-тәрбие процесінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне талдау және мониторинг жүргізеді, , өзіне пән мұғалімдері қауымдастықтарының жұмысын, «Білімді ұстаз» бейне контентінде «Шеберлер зертанасы» жобасын іске асыруды, «Зерделі Ұстаз» жобасын іске асыру, Lesson Study, ARNa бойынша семинарларды қамтитын әдістемелік ұсынымдар және пәндік қауымдастықтардың жұмысы арқылы білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыс жүйесіне түзетулер жүргізеді. Тиімділік – білім сапасын ішкі бағалауды арттыру. Динамикаға сәйкес 2021 - 2024 жылдар кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша білім сапасы жыл сайын артып келеді.
Мемлекеттік аттестаттаудан өтуге дайындық кезеңінде білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жақсы нәтиже берді, мысалы, аттестаттаудан 1-ші рет өткендер 2021 – 2022 жылдары – 44,8%, бірінші рет өткендер 2023 – 2024 жылдары – 64%.
2021 жылдан бастап әдістемелік орталық «Күнделік.kz» платформаға апта сайын мониторинг жүргізеді. Осы мониторингтің мақсаты толтырудың уақытылығы, толықтығы мен сапасы, құжаттаманы ресімдеуге және жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптарды сақтау болып табылады. Тиімді жұмыс қорытындысы бойынша Мекеме «Күнделік.kz» толтыру сапасы үшін (ҚР III орын) Білім және ғылым министрлігінің (2021 – 2022 оқу жылы) және ҚР Білім министрлігінің (2022 – 2023 оқу жылы) сертификатпен марапатталды.
3 жылдан астам уақыт бойы Bilikti ustaz YouTube арнасы жұмыс істейді, ол ӘО-ның әртүрлі іс-шараларынан бейне мазмұнмен үнемі толықтырылып отырады. Қазіргі уақытта арнада 3,1 мың жазылушы бар, 914,5 мыңнан астам қаралым тіркелген.
Онлайн тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бөлігінде Google Forms және Onlinetestpad сыртқы платформалары пайдаланылады. Онлайн тестілеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін Qsmart nation жобасы іске асырылды, оның шеңберінде өз сервері ұйымдастырылды, оған https://qsn.kz/ мекенжайы бойынша әлемнің кез келген нүктесінен пайдаланушылар қол жеткізе алады. Бұл сайтта қашықтықтан оқыту курстарын, тестілеуді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқытуды басқару жүйесі орналасқан. Тестілеуден өту кезінде академиялық адалдықтың жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін Safe Exam Browser технологиясы орнатылды, оқу бағдарламалары пәндері бойынша тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру үшін пайдаланылады, бұл база СҚО әдіскерлері мен педагогтерінің әзірлемелерімен толықтырылады, облыс педагогтары берілген сілтемелер бойынша тегін ұсынады және пайдаланады.
Мекеменің соңғы мәліметтері бойынша 2023 – 2024жж. облыстың 68-ден астам педагогы өз жұмысында жасанды интеллектті пайдаланады.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде мыналар бойынша ең көп бұзушылықтарға жол бергені анықталды: іссапар шығыстарын тиімсіз және негізсіз өтеуге; Мекеме қызметкерлері іссапар туралы есептерді бес жұмыс күнінен кешіктіріп берді; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша шаралар қабылданбады; өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеді; қорлардың жетіспеуі; Мекеменің қызметкерлеріне сыйлықақыны тиімсіз және негізсіз аударды, сатып алған сәттен бастап орнатылмаған жағдайда жатқан 3 дана (жаңа) қабырғалық Gree-12 кондиционері тиімсіз пайдаланылады; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні өткеннен кейін веб-порталға мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізуді орналастыру жөнінде және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеу жөнінде бұзушылықтар жіберілгенін және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өткен жөн.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы – мемлекеттік аудитор М.К. Есмағамбетов